{metadescription}
Мыс шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?  
Мыс шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?  

Мыс шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?  

Ақтөбе облысындағы мыс компаниясының шахтасында қаза тапқан марқұмдардың отбасына 20 миллион теңгеден өтемақы төленетін болды. Сондай-ақ жетім қалған балаларына кәметке жеткенше әкесінің  жалақасы беріледі.

Осыдан алты күн бұрын Ақтөбе мыс компаниясында төрт кенші шахта ішінде газға уланып қаза тапқан. Тағы бір жұмысшы жарақат алып, қазір үйінде емделіп жатыр. Енді аталмыш оқиғаға қатысты республикалық комиссия тексеру жүргізуде. Оның құрамына мыс компаниясының жұмысшылары да кірді. Қайғылы оқиға болған түні кеншілер тексеруге араластыруды сұрап талап қойған. Төрт жұмысшының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, нақты кімнің жауапқа тартылатыны әзір белгісіз. Дегенмен марқұмдардың отбасына қазірден бастап көмек көрсету тапсырылған. Еңбек инспекторларының айтуынша, Ақтөбе мыс компаниясы қара жамылған төрт отбасына Ақтөбе немесе Хромтаудан үй алып беруге міндеттеліпті. Одан бөлек несиелері болса, толық жауап беруге тиіс. 

Артур Әуезов, Ақтөбе облыстық еңбек инспекиясының инспекторы:

- Жұмысшылардың ұсынысы, бастамасымен ұжымдағы жұмысшылар өкілдері қатысады. Жазатайым оқиғаға ұшыраған адамдардың отбасына әлеуметтік көмек мәселелерін анықталып жатыр. Соның ішінде үй мәселесі, несиелері дегендей.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.