{metadescription}
Бір отбасының тыныс-тіршілігін суреттейтін отандық фильм   
Бір отбасының тыныс-тіршілігін суреттейтін отандық фильм   

Бір отбасының тыныс-тіршілігін суреттейтін отандық фильм   

Ғажайыпқа толы тың кинотуынды жаңа жылға тарту ретінде көрерменге жол тартты. Фильм «Хочу к маме или новый год в Жалпаксае» деп аталады. Отбасылық комедияда бірнеше кейіпкердің басынан өткерген қызықты оқиғалары мен бүтін бір отбасының тыныс-тіршілігі суреттеледі.

Фильм авторлары анаға, ауылға деген махаббатын жеткізуге тырысқан. Ендеше тосын жайттар мен сағынышқа толы картинаны тамашалағыңыз келсе, кинотеатрларға асығыңыз.

Менің атым Пери. Перизат емес. Және мен ешқандай ауылға бармаймын.  

Фильмде бір отбасы балаларының басынан өткізген қызықты жайттары баяндалады. Бәрі де жаңа жылға санаулы күн қалғанда сергелдеңге түскен. Бірінің басына қара бұлт үйірілсе, енді бірі  сүйіктісінен айырылады. Дегенмен кейіпкерлерді байланыстыратын ортақ нәрсе – ауылдағы анасына деген сағыныш. Продюсер: «Туындының көрерменге берері мол», - дейді.

Жанна Сабырова, сценарий авторы, режиссер:

Бұл өмірден алынған оқиға. Күнделікті күйбең тіршілікпен жүріп алыстағы анамыз тұрмақ, жанымыздағы жандарды да ұмытып кетеміз. Байқасақ, үнемі бір жаққа асығып жүреміз. Қымбат адамдарымызды емес, жұмысымызды жоғалтып алудан қорқамыз. Ал бұның дұрыс емес екенін кино арқылы көрсеткім келді. Өйткені жаңа жылда адамның барлығы бір жақсылықтың боларын күтеді, іштей сенеді.

Туындыға «Dollby atmos» деп аталатын «көлемді дыбыс» форматы қолданылған. Сондай-ақ жаңажылдық картинадан Роза Рымбаева, Жандос Айбасов, Айсұлу Әзімбаева сынды танымал өнер иелерін көреміз. Ал бөлімдерді жеке-жеке баяндап отыратын кейіпкерді Нұрлан Албан сомдаған.

Нұрлан Албан, әнші:

- Бұл фильмді көрген адам ең бірінші өзінің қазақ екеніне, жүрегінің түбінде елге, жерге, ауылға, анаға деген махаббатының бар екеніне шүкіршілік ететіні сөзсіз. Кім анасын бір жыл емес, бір ай емес, бір апта көрмей қалды, осы киноға келсін. Өйткені бұл жерде туған үйіне деген сағынышты толық, әдемі жеткізген.

Фильм Нұр-Сұлтан, Алматы, Қапшағай қалаларында түсірілген. Бұған қоса картина бірде күлдірсе, бірде көзге жас үйіреді. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын «Хочу к маме или новый год в Жалпаксае » фильмі 1-қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде