{metadescription}
Мереке күндері КВИ жұқтырғандар саны күрт өскен
Мереке күндері КВИ жұқтырғандар саны күрт өскен

Мереке күндері КВИ жұқтырғандар саны күрт өскен

Алматыда мереке күндері коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Жаңа жылдың алғашқы аптасында мегаполисте қауіпті індетпен 700 адам тіркелген.

Соңғы үш айда Covid-19-дың қарқыны 14 есе өсіпті. Көңілсіз көрсеткішті бүгін қаланың бас санитар дәрігері жариялады. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қауіпті дерт тіпті, сайлау комиссиясының қызметкерлерінен де табылған.

Алматы коронавирустың таралуынан қауіптің «сары аймағында» әлі тұр. Жұрт індеттің басылуын күтіп жүргенде, одан бетер күшейіп барады. Салыстырмалы түрде айтсақ, қыркүйек айында 165 алматылық Covid-19 диагнозымен тіркелсе, жаңа жылдың бар-жоғы 7 күнінде вирусты жұқтырғандар 700-ге жетті. Қауіпті вирус тіпті орталық сайлау комиссиясының қызметкерлерінен де анықталған.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Екі күнде сайлау учаскелерінің 5840 қызметкері тестілеуден өтті. Соның ішінде 8 адамнан індет анықталып, жұмыстан шеттетілді. Дауыс беруге келген дене қызуы жоғары адамдар сайлау учаскесіне кіре алмайды. Кіреберісте жедел жәрдем кезекшілік етеді. Олар қызуы көтерілгендерді жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді. Айта кетейік, емдеу мекемелерінде жабық сайлау учаскелері жұмыс істейді.

Соңғы күндері мегаполисте індет 20-39 жас аралығындағы тұрғындардан көптеп анықталуда. Олар науқастардың үштен бірін құрайды. 40-60 жас аралығындағы азаматтар да дәл солай. Мұның бәрі шектеу шараларының бұзылуына, әсіресе ересектердің ұжымдық кеш өткізуіне байланысты дейді санитар дәрігерлер.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Қоғамдық орындарда Covid-19 инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары. Әсіресе сауда-саттық нысандары, мейрамханалар мен  түнгі клубтар. Бұған дейін тіркелген науқастардың 44 пайызы вирусты осындай жерлерде жұқтырған.

Мамандардың қаңтар айына жасаған болжамы да көңіл көншітпейді. Өйткені қалада эпидемиологиялық ахуал ушығып, бір айда ауру жұқтырғандар 4 жарым мыңға жетуі мүмкін екен. Осылай дабыл қаққан медицина қызметкерлері тұрғындарды үйден жөн-жосықсыз шықпауға шақырды.

Пандемия басталғалы Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 19 мыңнан асқан.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде