{metadescription}
Қытай ақыры ДДСҰ өкілдерін Уханьға кіргізуге келісті
Қытай ақыры ДДСҰ өкілдерін Уханьға кіргізуге келісті

Қытай ақыры ДДСҰ өкілдерін Уханьға кіргізуге келісті

Қытай ақыры Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін Уханьға кіргізуге келісті. Сарапшылар бүкіл әлемді есеңгіреткен індеттің қалай пайда болғанын анықтағысы келеді. Алайда Қытай билігі әр нәрсені сылтауратып, оларды бірнеше айдан бері жолатпай жүрген. 

Сарапшылар тобы 14-қаңтарда Ухань қаласына аттанатын болды. Ғалымдар індет ошағын өз көзімен көріп зерттеу жүргізеді. Осылайша әлем коронавирустың қалай пайда болғанын біле алады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері індетті зерттеуге негізі бұған ертерек жиналған. Алайда Қытай билігі құжаттарының дұрыс еместігін айтып, оларды ортажолдан қайтарды. Халықаралық деңгейде шу шыққан соң, Қытай сарапшыларды кіргізуге мәжбүр боп отыр. Дегенмен сарапшылар Уханьға келген күнде бірден көшеге шыға алмайды. Әуежайдан түскен бетте ғалымдар екі апта карантинде жатуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде