{metadescription}
Өзінен кіші қызға ғашық болған бозбала абақтыдан шықты – Ақтөбе
Өзінен кіші қызға ғашық болған бозбала абақтыдан шықты – Ақтөбе

Өзінен кіші қызға ғашық болған бозбала абақтыдан шықты – Ақтөбе

Ақтөбеде өзінен екі жас кіші қызға ғашық болған бозбала абақтыдан шықты. Апелляциялық алқа 17 жастағы Нұрасхан Тынымжановтың жазасын жеңілдеткен.

Нұрасхан Тынымжанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Алдымен ата-аналарым қарсы алды, адвокатыммен. Соларға көп рахмет. Халқыма көп рахмет! Алдағы жоспарсол қызға үйлену, жұмыс істеп, отбасын асырау.

Бірнеше ай қамауда болған Нұрасханның қуанышында шек жоқ. Анасы мен әжесі де баласының үйіне оралғанына сене алар емес. Бүгін оны сот алқасы абақтыдан босату туралы үкім шығарған. Апелляциялық шағымды қараған судьялар оның кәмелетке толмағанын, жәбірленушінің кешірім бергенін ескеріпті. Енді бозбала сүйіктісімен жақында отау құрмақшы.

Лицейде оқитын  Нұрасхан Тынымжановты өзінен екі жас ғашығымен төсектес болғаны үшін айыптаған. Қалалық сот 16 жасқа толмаған қызбен жақындасқаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырған. Оған  қоғам қарсы шығып, бозбаланы босатуды Президенттің өзінен сұрады. Енді облыстағылар абақтыдан шығаруды жөн деп санаған. Бірақ адвокаты үкімге толық қанағаттанбай, жоғары сотқа шағым түсірмекші.

Мұратқожа Амитов, адвокат:

Соттың сол үкімімен біз жартылай келіспей, жоғарғы сотқа біз жалғастырмалы қылмыс деп шағымдануды көздеп отырмыз.     

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде