{metadescription}
Шошқа фермасының жұмысшылары мен тұрғындар жаға жыртысты – Ақтөбе облысы
Шошқа фермасының жұмысшылары мен тұрғындар жаға жыртысты – Ақтөбе облысы

Шошқа фермасының жұмысшылары мен тұрғындар жаға жыртысты – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында шошқа фермасының жабылуын талап еткен ауыл тұрғындары мен жұмысшылар жаға жыртысып қалды. Бестамақ елдімекеніндегілер талпақ танау бағып отырған кәсіпкердің әлі күнге дейін қалдықты далаға ағызып, айғақ заттарды жойып жатқанына қапалы.

Ал ферма жұмысшылары қожалық жабылса, екі қолға бір күрек таба алмай қаламыз деп қорқады. Онымен қоса кәсіпкер ауыл арасына ет таратып жомарттығын көрсетпек болған. Мұны тұрғындар «ел ішіне іріткі салу» дейді.

Алға ауданындағы Бестамақ ауылының тұрғындары таң атпай шошқа фермасының алдына тағы жиналды. Олар кәсіпкердің экологияға қатысты талапты орындамай, тексерушілерден айғақтарды жасырып жатқанына наразы. Шошқа фермасынан шыққан қалдық төгілген құдықтарды көміп, тегістеп жатыр екен. Онымен қоймай бұрынғысынша өзен арнасын бүлдіруді қоймаған. Ал облыс басшылары әр он күн сайын комиссияға есеп береміз деген уәдесін бұзды дейді бестамақтықтар.

Телеуғазы Есбергенов, Бестамақ ауылының тұрғыны:

- 21 күн болды. Біз 24-і күні барғаннан бері содан бері бірде-бір ақпарат, қанша доңыздың басы жойылды, сол берілген жоқ. Сөзінде тұрмады. Олар тіпті топырақ құнарлығын қалпына келтіріп жатыр. Бұның бәрі заңсыздық.

Нұрбек Жұманғосов, Бестамақ ауылының тұрғыны:

- Ана жаққа ағып жатқан, суға құбыр жасап қойған. Дамбаға, бассейнге ағып жатыр. Бассейінде ешқандай құрал-жабдық жоқ. айғақтардың бәрін құртып жатыр. Ол неге, кім рұқсат берді?

Наразылығын айта келген ауыл тұрғындарына шошқа фермасының жұмысшылары қарсы шықты. Олар талпақ танаудан айрылсақ, жұмыссыз қаламыз деп қорқады. Қос тараптың айқайы жұдырықтасумен аяқталды. Оларды сол жерге келген тәртіп сақшылары ажыратып алды. Бестамақ ауылының тұрғындарын шошқа фермасы қожайынының қылығы да ашындырып отыр. Дау шыққан бойда бизнесмен ауыл арасына ет таратып жомарттық танытпақ болған. Соның кесірінен мұндағы жұрт екіге бөлінді деп ашынады.

Гүлнәр Айтжанова, Бестамақ ауылының тұрғыны:

- Еттерін таратып, іріткі салып жүр. Міне, халық деген тіпті екіге бөлініп жатқан сияқты бір ауыл ішінде. Айтарға сөзім жоқ.  

Талпақ танау асырап қалдығын ауыл іргесіне төккен кәсіпкерге жеті миллиард теңге айыппұл салынған. Бірақ оны әлі төлемепті. Қазір жерді бүлдіріп экологияға залал келтіргені үшін ісі сотта қаралады. «Айғақ заттарды жойғызбаймыз», - дейді шенеуніктер.  

Нұржауған Қалауов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:

Тегістеп тастап жатыр деген жерлердің барлығы, қанша тегістеп жасаса да, бәрібір ол қазылып алынады. Сараптама орталығы келгеннен кейін осы жердегі бастамашыл топтың адамдарын қасына біріктіріп, тексеріп, бүкіл осыған дейінгі экологиялық, жер инспекциясының, ветинспкцияның тапқан кемшіліктерін қайта тексереді.

Бестамақтықтар шошқа фермасын мүлдем жауып тастасын деген талап қойып отыр. Әйтсе де талпақ танау орына төрт түлік мал бағатын болса, келісетінін айтады. Енді қожалықтың алдағы жайын сот шешеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде