{metadescription}
Шымкентте ұшақтан қалған жолаушылар әуежайды басына көтерді
Шымкентте ұшақтан қалған жолаушылар әуежайды басына көтерді

Шымкентте ұшақтан қалған жолаушылар әуежайды басына көтерді

Ауа райының қолайсыздығынан Шымкентте әуе рейстері шегеріліп, жүздеген жолаушы жолынан қалды. Ұшағы кешігіп ашуға мінген жолаушылар әуежайды басына көтерді. Өйткені әуе компаниялары оларға не жағдай жасамаған, не кешігу себебін түсіндірмепті.

- Шығыңыз.

- Кетіңіз дейді. Не себептен кетеміз? Біздің ұшақ қайда? Билетті қайтарамыз дейді. Бізге билет керек емес, біз ауылға жетуіміз керек. Енді ұшқыш жоқ дейді. Бұл не деген сұмдық! Ұшқыш жоқ!

Ал жүздеген жолаушының жолда қалуына ұшқыштың жоқтығы емес, ауа райы себеп болыпты. Яғни күшті желдің кесірінен үш рейс кейінге шегерілсе, артынша түскен қалың тұманнан тағы екі борт кешіктірілді. Ұшып кетерміз деп үміттенгендер әуежайдан ұзай алмай, рейстерін он сағаттан астам күтіп қалған. Тіпті жүгін арқалаған жұрт әуежай ішінде түнеп шығыпты. Қазір ауа райы ашылып, сағаттап кешіккен рейстер кесте бойынша ұшып жатыр.

Мәди Уалиханов, Шымкент әуежайының ресми өкілі:

- Біз ауа райы туралы мәліметті әуе компанияларына айтып отырамыз. Ал ұшып-қонуды олардың өздері шешеді. Және әр әуе компания өз клиенттеріне қанша уақытқа кешігетінін әрі себебін өздері түсіндіріп отыруға тиісті. Жолаушылар көп жағдайда осыны түсінбей, әуежай қызметкерлеріне жармасып жататыны қынжылтады.     

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде