{metadescription}
Дүлей боранда 22 жол апаты тіркеліп, 7 адам жарақаттанған
Дүлей боранда 22 жол апаты тіркеліп, 7 адам жарақаттанған

Дүлей боранда 22 жол апаты тіркеліп, 7 адам жарақаттанған

Еліміздің бірнеше өңірінде кешегі дүлей боранда ескертуді елемей жолға шыққан тұрғындар құтқару қызметі мен тәртіп сақшыларын түнімен аяғынан тік тұрғызды. Көкшетау мен Қарағанды, Шығыс Қазақстанда боран енді басылып, соңы сақылдаған сары аязға ұласты.

- Алматы - Екатеринбург, Теміртау - Нұр-Сұлтан  тас жолында көзге түрткісіз, түк көрінбейді. Барлық жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шықпауды өтінеміз. Ол сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін.

Қарағандылық тағы бір полицей ақ түтек боранда жүргізушілерге жолға шықпау жөнінде видеоүндеу жасады. Алайда ескертуді елемей сапарға шыққан  500 көлікті Ақмола облысының құтқарушылары қауіпсіз жерге жеткізген. Ауа райының қолайсыздығынан 22 жол апаты тіркеліп, 7 адам жарақаттанған.

Шығыс Қазақстан облысында да құбылмалы ауа райы сақталуда. Оқушылар бүгін мектепке барған жоқ. Әзірге ауданаралық және республикалық маңызы бар жолдар ашық.

Қарағанды облысында ақтүтек боран тыншып, енді сақылдаған сары аяз қысып тұр. Соған қарамастан мектепте сабақ кесте бойынша жүргізілді. Мұнда да құтқарушылар 9 адамды аман  алып қалыпты. Ескертуге құлақ аспай жолға шыққандар аман қалғанына шүкір айтуда.

- Нұр-Сұлтаннан келе жатып осындай жағдайға тап болдық. Бізді құтқарып, қонақ үймен қамтамасыз етті, тіпті күтпеген едік, рақмет!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде