{metadescription}
Алматыда жауған қардан 70-тен астам жол апаты болды
Алматыда жауған қардан 70-тен астам жол апаты болды

Алматыда жауған қардан 70-тен астам жол апаты болды

Арқадағы ақ ұлпа Алатауға да жетті. Алматыда түні бойы жауған қардан 70-тен астам жол апаты болып, соның салдарынан 6 адам ауруханадан бір-ақ шықты.

- Бүкіл қалада жол апаты болып жатыр. Жердің бәрі тайғақ. Қарашы, қаншама қар!

Қардың дер кезінде тазартылмауының кесірінен жұрт кептелісте қалып, жұмыстарына кешікті. Ауа райын болжаушылар «Арқаны борандатқан қар Алматыға келе жатыр» деп кеше күні бойы хабарлаған. Алайда қалалық әкімдік пен коммуналдық қызмет құлақ аспаса керек. Соның салдарынан 70-тен астам жол апаты болып, 6 адам зардап шекті. Ашуға булыққан жүргізушілер жолдағы жағдайды әлеуметтік желілерге тарата бастағанда ғана арнайы қызмет ес жинады. Дегенмен полиция түннен бергі жол апаттарына қардың қатысы жоқ дейді. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді. Апаттық жағдай тудырады. Қауіпті маневр жасайды. Бір-бірін сыйламайды.Сол уақытта жаяу жүргіншілер жолды дұрыс емес жерден кесіп өтеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде