{metadescription}
Елімізде карантинді күшейту мәселесі қарастырылып жатыр
Елімізде карантинді күшейту мәселесі қарастырылып жатыр

Елімізде карантинді күшейту мәселесі қарастырылып жатыр

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал қайта ушықты. Ел қазір коронавирус бойынша «жасылдан» «сары аймаққа» ауысты. Ал Қостанай мен Ақмола облыстары «қызыл аймақта». Қазір бас санитар дәрігер елдегі карантин шараларын күшейту мәселесін қарастырып жатыр.

Соңғы тәулікте 766 адамнан вирус анықталып, 12 науқас көз жұмған. Елдегі эпидемиололгиялық жағдайдың күрделене түсуіне қарамастан, бас санитар дәрігер локдаун әзірге жарияланбайды деп отыр.

Ал жуырда қазақстандық qaz covid  вакцинасын еріктілерге егу аяқталған. Негізі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шарты бойынша, вакцинаның тиімділігі 50 пайыздан кем болмаса, вирусқа қарсы қолдануға болады. Ал отандық вакцинаның тиімділігі 90 пайыздан асып түседі екен.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

Отандық вакцина сынағының үшінші кезеңін айтар болсақ, клиникалық зерттеу желтоқсанның 25-де басталды. Ал қаңтардың 11-де барлық 3 мың еріктіге екпе жасау аяқталды. Қазір олар зерттеушілердің бақылауында. Әзірге олардың жай-күйіне қатысты ешқандай дерек жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде