{metadescription}
Нұржан Әлтаев: El tiregi оппозициялық үкімет құрылады
Нұржан Әлтаев: El tiregi оппозициялық үкімет құрылады

Нұржан Әлтаев: El tiregi оппозициялық үкімет құрылады

Елімізде оппозициялық үкімет құрылмақ. Ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының төрағасы, мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаев осындай мәлімдеме жасады. Бұрын «Нұр Отан» қатарынан шығарылған ол енді ТМД аумағында болмаған тың бастама көтеріп отыр.

Саяси белсендінің айтуынша, үкіметтің мұндай балама түрі Еуропаның дамыған елдерінде жиі қолданылады. Мәселен, Англияда сайлауда басым түскен партия үкімет жасақтайды. Ал оппозициялық партия өзінікін құрады. Үкіметтің сондай нұсқасын «Ел тірегі» партиясы бір ай ішінде жасамақшы. Өйткені өткен парламент сайлауында жаңа құрылған үкімет құрамы «ешқандай жаңармаған, құр көзбояушылық» деп санайды.

Еуропада оппозициялық үкімет мемлекет бюджетінен қаржыландырылса, бұлар халықтың қалтасына қарайын деп отыр. Яғни өздерінің айтуынша, 500-1000 теңге болса да, халықтан түскен қолдау қаражаты есебінен жұмыс істемекші. Ал баламалы үкімет мүшелерін халық сайлауына салмақ.

Нұржан Әлтаев, «El Tiregi» қозғалысының төрағасы:

-Біз сол әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы,  сайлау арқылы сол министр, кім көп дауыс жинайды, сол біздің оппозициялық үкіметте министр бола алады. Бұл жерде тек халық шешеді. Мен шешпеймін, басқа азаматтар шешпейді, партияның ішіндегі азаматтар шешпейді. Тек халық өзі шешім қабылдап, дауыс беріп, сол дауыс беру арқылы шешілетін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде