{metadescription}
Аңқұмар басшы Закирьяновтың коллекциясына қатысты тексеру басталды
Аңқұмар басшы Закирьяновтың коллекциясына қатысты тексеру басталды

Аңқұмар басшы Закирьяновтың коллекциясына қатысты тексеру басталды

Кабинетін бағалы аң-құстың терісіне толтырып тастаған Қазақ спорт және туризм академиясы президентінің ісімен полицейлер айналыса бастады. Жойылуға жақын аңдардың терісін кілем етіп аяғының астына төсеген Қайрат Закирьянов аққпарат құралдарына берген сұхбатында терілерді, атап айтқанда, қар барысының терісін «таныстарым сыйлады», біресе «жасанды» деп түсіндіруге тырысқан.

Зоологтар суреттегі қар барысы ешқандай қолдан жасалмаған, шынайы деп отыр. Академияның аңқұмар басшысының ешкімде жоқ коллекциясы туралы тілшіміз былай дейді.

Қазақ спорт және туризм академиясы президентіне қатысты қып-қызыл жанжалға себепкер – фотосурет. Басшының кабинетінде түсірілген кадрді белгілі спортшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіге жариялады. Суретте көрініп тұрғандай, қар барысы мен түркістандық сілеусін академия басшысының төсенішіне айналған. Ал аққуларды қабырғасына іліп қойыпты. Қызыл кітаптағы жануарлардың жиһазға айналғанын көріп ашуға булыққан жұрт академия басшысын жауапқа тартуды талап етті. Қазір Экология министрлігі полицияға арыз түсіріп, тексеру жүріп жатыр.

Аян Мейраш, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы:

-Біз бұл фотоны қолымызға түскен бетте Алматы облыстық аймақтық инспекция инспекторларына жолдадық. Көрсетілген аңдардың ішінде жоғалып кету қаупі бар, Қызыл кітапқа енгізілген аңдардың да суреті белгіленген деген тұжырымдамаға келіп, бұны нақты анықтау үшін құзырлы органдарға 20 қаңтар күні хат жазған болатын. Қазір жергілікті органдардың жауабын күтудеміз.

Қар барысының терісін қонақтарының астына төсейтін жайма қылған Қазақ спорт және туризм академиясының басшысы әлемді аралаған аңшы боп шықты. Қайрат Закирьяновтың атпаған аңы жоқ. Ақпарат құралдарына берген сұхбатында Африкаға дейін барғанын айтқан. Академик үйін де түрлі аңға толтырып тастапты. Зебра, кенгуру, аю, антилопа, тіпті түйеқұс тұр. Ал аяқтың астында жай кілем емес, жирафтың терісін төсеген. Ал «қар барысын атпадым» деп ант-су ішкен басшы, аңды біресе «таныстарым сыйлады», біресе «жасанды» деп түсіндірген. Суреттегі қар барысы Закирьянов айтқандай, жасанды ма, жоқ па , оны анықтау үшін ғалымдарға жүгіндік.

Рыспек Байдәулетов, Қазақстан зоология институтының аға ғылыми қызметкері:

-Суреттегі қар барысының терісі деп сеніммен айта аламын. Басы, аяғы, тістері, күмән жоқ, бұл қар барысының өзі. Оны талқылаудың да қажеті жоқ.

47 жылдық тәжірибесі бар ғалым «қар барысы жасанды» деген Қайрат Закирьяновтың сөзін естігенде күліп жіберді. Қар барысы ғана емес, қабырғадағы қос аққу да Қызыл кітапқа енгізілген. Ғалымдар сұңқылдақ аққуларды тұмсығындағы сары дағынан таныды. Сонау Сібірден ұшып келетін құстардың табиғатта 2 мыңға жуығы қалыпты. «Ал түркістандық сілеусіннің саны 400-ге жетпейді» - дейді зерттеуші ғалымдар.

Қылмыстық кодексте жойылып бара жатқан аңды атпақ түгілі, терісін сақтағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. 6 миллион теңге айыппұл мен 7 жылға дейін, ал топтасып аулаған жағдайда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Закирьянов қар барысының жасанды екенін дәлелдеу үшін сұхбат беруге келіскен болатын. Алайда спортшының парақшасына салынған суреттер секілді, академия басшысы да аяқасты жоқ болып кетті.

-Іссапарға кетті! Білмейміз, қалай, қайда екенін!  

Қар барысының терісін Қайрат Закирьяновқа кімнің сыйға тартқанын сол күйі біле алмадық. Таңертеңгісін ғана сұхбатқа келіскен академия президенті күтпеген жерден телефонын өшіріп, хабар-ошарсыз кетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде