{metadescription}
 Психотропты есірткі сатқан 21 жастағы қыз ұсталды – Өскемен
 Психотропты есірткі сатқан 21 жастағы қыз ұсталды – Өскемен

Психотропты есірткі сатқан 21 жастағы қыз ұсталды – Өскемен

Өскеменде психотропты есірткі сатып жүрген 21 жастағы бойжеткен ұсталды. Үшінші курстың студенті есірткіні сатып алушыларға жеткізіп берумен айналысқан.

Оңай олжаға кеңелмек болған бойжеткеннің арам ойы жүзеге аспады. Полиция қызметкерлері оны «скорость» және «мефедрон» психотроптық заттарын жеткізіп бермекші болған сәтінде құрықтады. Студенттің пәтерін тінткен кезде 650 доза синтетикалық есірткі мен оны орауға және өлшеуге арналған құралдар тәркіленді. Тыйым салынған заттардың қара нарықтағы құны шамамен 2 миллион теңге. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Азамат Ақылов, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

-Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде