{metadescription}
Жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды – Шымкент
Жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды – Шымкент

Жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды – Шымкент

Шымкентте жұмыс орнында төбелескен полицейлер қызметтен қуылды. Жан-жағы ашық стационарлық бекетте болған өзара жанжалды көшеден өтіп бара жатқан тұрғындар видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратқан.

Оқиға түнгі сағат бір шамасында Шымкенттің орталығындағы полиция дүңгіршегінде болған. Бір ауысымда істейтін қос сақшының не бөлісе алмай қалғаны түсініксіз. Әйтеуір тар дүңгіршектің ішінде екеуі бір-бірінің жағасына жармасып алысқаны көрінеді. Бұл видео әлеуметтік желіге тараған соң, полиция департаменті бірден қос қызметкердің ісін тәртіптік кеңесте қарады. Алысқан әріптестер бір-біріне  нағашы мен жиен екен. Іші пысқан екеуі жәй ғана ойнаған деп отыр. Бірақ полицияның имиджіне нұқсан келтіргені үшін екеуін де жұмыстан аластатып, резервке қойыпты. Ал желіні шулатқан тәртіп сақшыларын бір жерде істейтін әріптестері танымайтын болып шықты.

Құдабай Орынбек, полиция лейтенанты:

-Біз ол жайлы білмейді екенбіз. Біз таңертең сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жұмысқа түстік. Постты қабылдап алған кезде постта сынған ештеңе анықталған жоқ.

-Ол жігіттердің бетінде қан или көгерген із болмады ма? 

-Жо-жоқ, бәрі қалыпты. Ештеңе де жоқ. Өздеріңіз көргендей, бәрі дұрыс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде