{metadescription}
Елордада құрылысшы бетон қабырғасын құйып жүріп мерт болды
Елордада құрылысшы бетон қабырғасын құйып жүріп мерт болды

Елордада құрылысшы бетон қабырғасын құйып жүріп мерт болды

Елордада құрылысшы 11 қабаттан құлап өлді. 25 жастағы қылшылдап тұрған жас жігіт тұрғын үйдің бетон қабырғасын құйып жүріп мерт болған. Ал құрылыс басында осындай қатерден сақтайтын қорғаныш торы неге болмағаны белгісіз.

Сәби Қуанышбаев, марқұмның ағасы:

-Мына қауіпсіздік техникасын көріп тұрсыздар, титтей де қауіпсіздік техника жоқ. Құжаты да жоқ дейді. Мен бауырымнан сұрап та көрмеппін. Дос балалары айтады, бірінші қабатта істейтін бала еді дейді. Анау төбеге шығарып жіберу мүмкін емес нәрсе. Шыққанда да бір грамм қауіпсіздік техникасы сақталмаған.

Оғиға бүгін таңертең, сағат 11 жарым шамасында болған. Көпқабатты тұрғын үй салып жатқан құрылысшылар үйдің 11-қабатының қабырғасын көтеріп жатқан екен. Соның бетон құятын қалыбын құрып жатқан шақта жас жігіт қалыппен бірге құлаған. Оқиға орны қоршалғанымен, қираған құрылыс заты да, қан ізі де сол күйі жатыр.

Туыстарының айтуынша, марқұм Жамбыл облысының тумасы Дәукен Шоқан осында істеп жүргеніне бірер жылдың жүзі болыпты. Үйінің үлкені болғандықтан, отбасының негізгі асыраушысы болып, сыртқа кетіп еңбек етіп жүрген. Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал құрылыс нысанында қорғаныш торы неге болмағанын құрылыс компания өкілдері түсіндіріп бере алмады.

Ерлан Әлиев, «Мейірім» ЖШС директорының орынбасары:

-Қорғаныш торлары болды. Ешкімді мында жұмысшыларды күшпен жұмыс істеткізіп жатқан жоқ. Ол бап-бабымен істелінетін жұмыстар. Сондықтан бұл мәселе істелінген болатын. Оны қай уақытта болған және бұзғанын тергеу  шешсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде