{metadescription}
Сотталған экс-әкімді қорғауға қызы кірісті – Қызылорда облысы
Сотталған экс-әкімді қорғауға қызы кірісті – Қызылорда облысы

Сотталған экс-әкімді қорғауға қызы кірісті – Қызылорда облысы

Қызы әкесін ақтауға кірісті. Жеті жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың туыстары үкіммен келіспейтінін жеткізді. «Әкеме негізсіз айып тағылды» деген Айдана Досмайылова сотта ешбір дәлел ескерілмегеніне наразы.

Айдана Досмайылова, Қ.Ысқақовтың қызы:

Сот тек бір-екі куәнің еш дәлелі жоқ жалған көрсетпесін негізге алып, әкем мен ағамның ұсынған барлық ресми құжаттарына, бұлтартпас дәлелдеріне еш назар аудармады. Іс бір жақты қаралды. Біз оған наразымыз. Апелляциялық соттан ендігі кезекте әділдіктің орнауына біз ғана емес, Сыр өңірінің 90 пайызы үміт артып күтіп отыр.

Айдана Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын бөлу туралы бұйрықты әкем берген жоқ дейді. Өйткені Қуанышбек Ысқақов сол мезетте облыс әкімінің орынбасары лауазымында болып, қаржы мәселесін шешу құзыретіне ие болмапты. Ал талан-таражға түсті делінген 80 миллион теңге «Сыр мейірімі» қоры арқылы  4 фирмаға теңдей аударылып, қаражат мақсатты жұмсалған дейді Айдана Досмайылова. Бірақ сотта бұл деректер құжат жүзінде делелденсе де,  судья оны назарға алмаған. «Тек сөзінен сан мәрте тайқыған куәгерлердің айтуымен үкім кесті» - дейді.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов екі орынбасары мен туысы және бір кәсіпкермен 80 миллион теңге қайырымдылық қаражатын жымқырды деп айыпталған. Былтыр наурыз айында ұсталған экс-әкім желтоқсанда 7 жылға сотталды. Ал орынбасарлары 6 жыл арқаласа, бауыры мен бизнесмен 5 жылға түрмеге жабылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде