{metadescription}
Шымкентте оқушыларды жекеменшік мектепке ауысуға мәжбүрлеген
Шымкентте оқушыларды жекеменшік мектепке ауысуға мәжбүрлеген

Шымкентте оқушыларды жекеменшік мектепке ауысуға мәжбүрлеген

Шымкентте кәсіпкердің сойылын соққан шенеуніктер оқушыларды жекеменшік білім ошағына ауысуға мәжбүрлеп жатыр. №29 мектептің бастауыш сыныптарында оқитын 800-ге жуық баланы сол маңдағы жаңадан ашылған білім ошағына баруға үгіттеген. Бір ай бұрын басталған құқайға ата-аналар мен мұғалімдер қарсы.

Ал бүгін бастауыш сыныптарын ұстаздарымен бірге мектепке кірзібей қойған соң, ата-аналар жаппай шу шығарды.

Әлия Молдағұлова атындағы 29 мектептің ата-аналары мен ұстаздарының бір айдан бері мазасы кеткен. Себебі, мектеп жанынан енді ашылған «Таным» жекеменшік мектебіне бастауыш сыныбының оқушыларын ауысуға мәжбүрлеп жатыр. Алайда 800-ге тарта баланың ата-анасы оған үзілді-кесілді қарсы.

Юна Кириченко, ата-ана: 

- Біз баламызды жекеменшік мектепке жібермейміз. Мұны білім басқармасының өкілдеріне де, осы мектептің басшыларына да айта-айта шаршадық. Бала саны тым көп болып кетті дейді. Жылдың басында сонша оқушыны алған кезде не ойлады? Балаларымызға тыныштық беріп, мемлекеттік мектепте қалуын талап етеміз.

Ата-ананың сөзіне пысқырмайтын мектеп басшылығы бастауыш сыныптарына сабақ беретін мұғалімдерді де күн сайын қыспаққа алады екен. 28 сынып жетекшісіне оқушыларыңмен бірге «өз еркіңмен ауыс, әйтпесе жұмыстан қуамыз» деп қорқытқан.  Бүгін тіпті оқушылар мен  ұстаздарды мектепке кіргізбей қойған.

Әтіркүл Оразбекқызы, бастауыш сыныбының мұғалімі:

Сыныбыммен бірге мені кіргізбей қойды. Кабинетімді ашпай қойды. Содан кейін мен айғай салдым. Мен мына дәлізде отырып сабақ өтемін, жекеменшік мектепке бармаймын. Менде күнделік.кз, білім сайты, онлайн сабақ жұмыс істеп тұр. Демек мұның артында басқа саясат жатыр.

Педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың тыныштығын бұзған  жекеменшік «Таным» мектебі 29 мектептен жүз ғана метрде тұр. Бір қарағанда әдемі көрінгеніме,н сыныптары тым тар. Алды көз тартқанымен, арты қоқыс алаңына айналған. Оның үстіне ауласы – автотұрақ, ал іргеде тұрған жатақхана жеңіл жүрісті қыздардың ордасына айналған. «Мұны білім басқармасы жақсы білсе де, оқушыларды жекеменшікке әдейі жығып беріп тұр», - дейді ата-аналар.

Гүлдана Тәңкібаева, ата-ана:

- Бұл бизнесті жекеменшік мектепті ашқан басшымен тікелей қатысы бар. Тәжиевамен немесе осы мектептің басшысымен. Неге 10-11-сыныпты  алмайды? Өйткені олар бітіріп кетеді. Бұлар бізге тегін оқисыздар деп айтып отыр. Бірақ жарты жыл тегін оқиды екенбіз де, жарты жылдан кейін айына 15-20 мыңнан төлеп отырады екенбіз.

Мектепке таңғы сағат 8-ден жиналған 50 шақты ата-анаға түске дейін білім ошағынан ешкім шықпады. Ашуға мінген топ білім басқармасына  барды. Ал ондағылар үш ауысымда оқитын мектептегі бала санын азайтудың жалғыз жолы осы дейді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы:

- Осы мәселе бойынша атанамен сөйлестік. Екі жақта ата-аналардың арасында ой-пікір туындап тұр. Жартысы баруға қарсы емес, жартысы бармаймыз, оқымаймыз дейді. Оқымаса, бармаса, мектепте қаламын десе, ол ата-ананың өз еркінде. Мұғалімдерді күштеп немесе жұмыстан шығаруға ешкімнің қақысы жоқ.

- Тағы сізге қайталап айтамым, қысым көріп жатырмыз дейді, қалалық білім беру бөлімінен

- Оны дәлелдеп тұр ма?

«Қысым көріп жатырмыз» дегендерден дәлел сұраған Шымкенттің бас педагогы ата-аналармен бірге шуы басылмай тұрған мектепке де барды. Мұғалімдермен кездескенімен, нақты ештеңе айтылмапты. Ал ата-аналар бұл дауды шешу үшін білім басқармасына екі апта мерзім беріп тұр. Әйтпесе ұл-қызын жетектеп, жаппай Шымкент әкімдігіне бармақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде