{metadescription}
Ауылдарда модульдік мектептер салынады
Ауылдарда модульдік мектептер салынады

Ауылдарда модульдік мектептер салынады

Ауылдық жерлерде модульдік мектептер салынады. Дайын қаңқадан құрастырылатын оқу орындары ауылдардағы саз балшықтан салынған және апатты жағдайда тұрған білім ошақтарын алмастыруы керек.

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төрт механизм арқылы 200 мектеп салу көзделген. Оның бірі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында болса, тағы бірі модульдік құрылымдардан мектептер салу.

Жергілікті бюджет есебінен жаңа мектептер салу да қарастырылған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, модульдік мектеп салудың бірқатар тиімділігі бар. Мектеп құрылысы тез, ары кетсе бір жылда салынып бітеді. Екіншіден, қажет жағдайда мектепті бір ауылдан екінші ауылға апарып орнатуға болады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

10 ақпанға дейін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мектеп құрылысы бойынша Жол картасы бекітіледі. Әкімдерден бұл мәселені бір апта мерзімде жеке қарастыруды, өңірлік жоспар дайындап, министрлікке ұсынуды сұраймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде