{metadescription}
Жаңаөзенде мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты
Жаңаөзенде мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты

Жаңаөзенде мұнай компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты

Жаңаөзенде мұнай компаниясына қызмет көрсететін жұмысшылар наразылыққа шықты. Олар жалақыны көтеруді және жұмыс сағатын ұзартуды талап етіп отыр.

Біз «МұнайСпецСнаб компаниясына» жалданып жұмыс жасайтын жеке кәсіпкер Toyota Hilux жүргізушілері өзіміздің тарифымыздың уақытын көтеруін талап етеміз! Талап етеміз! Талап етеміз!

Бұл жазба әлеуметтік желіге жарияланған бойда видеодағы азаматты Жаңаөзен қалалық полиция бөлімшесі түсініктеме алуға шақырып алған. Шенділер халық үніне құлақ аспақ түгілі, наразылық білдіргендерді тергеп, бейнеүндеу жаздырған. «Егер осындай видеолар тағы да шығатын болса, айыппұл саламыз» - деп қорқытыпты. Десе де мұнай компаниясына келісімшартпен қызмет көрсететін 60-қа жуық көлік жүргізуші екі күннен бері жұмысқа шықпай отыр. Айтуларынша, карантинге дейін олар бір күнде он сағаттық жұмысына 14 мың теңге алып келген. Ал карантин кезінде жұмыс уақыты мен төлем көлемі қысқарып, күндік жалақы 10 мың теңгеге дейін азайған. «Бұл ақша ештеңеге жетпейді» - дейді жиналғандар. Алайда ереуілшілермен кездескен атқамінерлер «айлық көбеймейді» деп кесіп айтты.

Ғалым Байжанов, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- «МұнайСпецСнаб компани» ЖШС-нің басшысы Ерлан Сәбиев мырзаның айтуы бойынша компанияның қаржылық жағдайы 1200 теңгеден 1400 теңгеге көтеруге еш мүмкіндік жоқ екенін айтты. Сонымен қоса сағаттарын осы тарифтік мөлшерлемемен істей беретінін жеткізді. Қазір тұрған жігіттерді қайта жұмысқа шығатын болса, қабылдауға дайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.