{metadescription}
Бір түнде жеті рет қылмыс жасаған – Көкшетау
Бір түнде жеті рет қылмыс жасаған – Көкшетау

Бір түнде жеті рет қылмыс жасаған – Көкшетау

Бір түнде жеті рет қылмыс жасаған. Көкшетауда 25 жастағы әккі ұры ұсталды.

Ол алдымен қаладағы азық-түлік дүкенінің терезесіндегі темір торын бұзып, бірақ кіре алмаған. Нысан иесі оны байқап қалып, полицияға хабар беріпті. Одан  сескенбеген жігіт тағы екі дүкенді тонап үлгерген. Құныққаны сонша, біреудің «Шкода» көлігінен 200 мың теңге ұрлап, тағы бір «ВАЗ» көлігін айдап кетеді. Жолда сантехника дүкеніне түспек болып, есігін бұза алмаған. Есесіне шаштаразға кіріп, «триммер» машинкасы мен кішкентай таразыны қолды қылған. Әккі ұры түнгі жорығында ноутбук, жемістер мен тәттілерді қолды қылған.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Ол осыншама заңбұзушылық әрекеттерінен кейін қонақ үйге демалуға оралған. Сол кезде бұрын да дәл осындай қылмысы үшін істі болған жігітті полицейлер қолға түсірді. Қазір уақытша тергеу абақтысына жабылған 25 жастағы жігітке «Біреудің мүлкін заңсыз иеленгені», «Ұрлық жасауға ұмтылу», «Ұрлық»  баптарымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде