{metadescription}
Жанайқай: Семей ет комбинатының күзетшілері жалақысыз жүр
Жанайқай: Семей ет комбинатының күзетшілері жалақысыз жүр

Жанайқай: Семей ет комбинатының күзетшілері жалақысыз жүр

Жабылып қалған мекемеден жалақы даулап жүр. Семейде қараусыз қалған ет комбинатының күзетшілері айлығын сұрап наразылық білдірді. 20 шақты қарауыл ғимараттың тоналып кетпеуін күзеткен. Бірақ күн-түн демей көз ілмейтіндер бірнеше айдан бері көк тиын алмаған. Тіпті айлықты кімнен сұрарын білмейді.

Өйткені жұмысы әлдеқашан тоқтаған комбинаттың басшылары жиі ауысып, қордаланған қарызды кімнің төлейтіні белгісіз.

Семейдегі ет комбинаты Кеңес Одағы кезінде дүркіреп тұрған кәсіпорындардың бірі еді. Тоқырауға түскен нысанның тас-талқаны шыққан. Қаңырап қалған ғимаратта күзетшілерден басқа жан жоқ. Бірақ олардың өзі бұл жұмысқа көп тұрақтамайды екен. Өйткені комбинат басшыларында  айлық төлейтін ақша жоқ. Нысанды  10 жыл күзеткен Сәуле Әкішеваға комбинат жарты миллион теңге қарыз екен.

Сәуле Әкішева, Семей қаласының тұрғыны:

- Жалақы бермейді. Қанша ай алған жоқпыз. Біресе ана сотқа, мына сотқа барамыз. «Әне-міне, береміз» дейді. Әне банкрот, міне банкрот. Солай жүрміз.

Жалақыға жарымаған соң күзетшілердің  көбі шығып кеткен. Бірақ айлығы сол күйі төленбепті. Енді қордаланған қарызды кімнен өндіреміз деп бас қатырып жүр. Өйткені комбинаттың басшылары жиі ауысады.  

Советбек Тоқсанбаев, Семей қаласының тұрғыны:

- Қарыз бар. Оны кімнен сұраймын? Жаңа келген директор маған «сен кімсің?» дейді. Құтылу үшін директорды ауыстыра береді. Міне, бір директор болған. Келсем, екінші директор тұр.

Адал ақысын сұрағандар еңбек инспекциясына да арыз түсірген. Жауапты мамандар, бас-аяғы 206 адам айлығын даулап жүргенін айтты. Оларға ет комбинаты 54 миллион теңге берешек. Қарызды өндіру үшін іс сот орындаушыларына тапсырылыпты.

Ерлан Ниетқабылов, Семей қалалық еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы:

- Бүгінгі күні еңбек инспекциясының нұсқамасы берілген. Сонымен қатар жеке сот орындаушысына тапсырылды. Бүгінде Төлеубек Бейсекенов осы құжаттармен жұмыс істеуде.

Ал сот орындаушы Семей ет комбинатындағы құрал-жабдықтарға бағалау жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бағасы белгіленгенен  кейін нысан сатылымға шығарылады. Сол саудадан түскен қаражат жұрттың қордаланған жалақысын төлеуге жұмсалады. Бірақ ол жұмс екі-үш айға созылатынын  жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.