{metadescription}
Ақтөбе облысында жұртты шулатқан шошқа фермасы жабылды 
Ақтөбе облысында жұртты шулатқан шошқа фермасы жабылды 

Ақтөбе облысында жұртты шулатқан шошқа фермасы жабылды 

Ақтөбе облысындағы даулы шошқа фермасы жабылып тынды. Қожалық қоймалары сот шешімімен жабылып, шошқа союға түбегейлі тыйым салынды. 

Бестамақ ауылы тұрғындары шу көтерген соң, тексеру жүргізген экология департаменті сотқа жүгінген еді. Өйткені шошқа фермасы сойылған талпақ танаудың бар қалдығын өзенге ағызып, сүйек-саяғын ауыл маңына көміп келген. Бұдан бөлек, шошқа фермасының иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол да сотта қаралып жатыр. Ал әзірге экологтардың шағымымен экономикалық сот қожалықтың рұқсат қағазын тартып алды. Оған дейін әкімшілік сот шошқа өсіруші кәсіпкерге 7 миллиардқа айыппұл салған, ал оны әлі күнге дейін төлемеген.

Халима Оразова, Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз хатшысы:

- Серіктестіктің шаруашылық жүргізу қызметінің өндірістік ағынды суларды сақтау қоймаларына және жер бедеріне жіберу бойынша бөлігінде және биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасын пайдалану бөлігінде бұзушылықтар қалпына келтірілгенге дейін тоқтатылды. Сонымен қатар жауапкер қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттан айырылды және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.