Мәжілісмендер Елбасының қолы бар қағаз ақшаларға күйіп-пісті
Елбасының қолы бар қағаз ақшаларға мәжілісмендер бүгін күйіп-пісті. Депутаттар Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрап отыр. Айтуларынша, 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды облыс орталығынан алыста тұратын ағайын әлі ауыстырып үлгермепті.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
17.02.2021
Айгүл Жұмабаева, Мәжіліс депутаты:
- Өтініш білдірген азаматтардың айтуынша, карантинге байланысты көптеген тұрғындардың банкнотты уақтылы айырбастауға мүмкіндігі болмаған. Облыс орталықтары мен алыстағы ауылдардың ара қашықтығын ескерсек, жол құны айырбастайтын сомадан да асып кетуі мүмкін. Көрсетілген номиналдағы банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартуды қарастырып, барлық банкнотаны айырбастау уақытын шектемеуді сұраймыз.
Биыл 1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 мың теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталды. Ал 3-наурызда 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады. Ұлттық банктің ақпаратынша, банкноттарды ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі қағаз ақшалар Қазақстанда қабылданбайды, айырбастауға жатпайды және заңды төлем құралы ретінде саналмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!