{metadescription}
Сыныптас қыздың әкесін қанжоса қып өлтірген – Шымкент
Сыныптас қыздың әкесін қанжоса қып өлтірген – Шымкент

Сыныптас қыздың әкесін қанжоса қып өлтірген – Шымкент

Шымкентте мектеп оқушысы сыныптасының әкесін ұрып өлтірді. 15 жасар балаға марқұмның «қызыма тиіспе» деп ескерткені ұнамаған көрінеді. Ересек адамның сөзіне кек сақтап қалған 9-сынып оқушысы 42 жастағы азаматты көшеде күтіп тұрып, таспен ұрып құлатқан. Сосын әбден тепкілепті. Жасөспірімнің қолынан қаза болған марқұм бүгін жерленді.

Ал оның жақындары күдіктінің жанында сыбайластары болған деп отыр.

Зияфат Ыдырысовтың қайтыс болғанына жақындары сене алмай жылайды. Жеке шаруасымен көшеге кеткен 42 жастағы азаматтың денесі түнде үйінің маңынан табылды. «Бас сүйегі мылжа-мылжасы шығып, соңғы демін алып жатқанда ғана көріп үлгердік», - дейді. Ал оның алдында сол маңда үш-төрт жеткіншектің топтасып тұрғанын көргендер бар. Олардың таяқ ұстап тұрғанын да байқаған.

Севда Ыдырысова, марқұмның қарындасы:

- Бет-аузының бәрі қан. Сау-тамтығын қалдырмай ұрып, тіпті қабырғаларын сындырып тастаған. Таспен де, таяқпен де, тіпті кетпенмен де ұрған. Енді артында қалған ұл-қызын кім асырап кім жеткізеді?

Зияфатты өлтірген 9-сыныптың оқушысы болып шықты. Ол марқұмның қызымен бір сыныпта оқиды екен. 15 жастағы Пардамбек Сайыпов қыздарға қырғидай тиетін бұзықтау бала болған. Одан жәбір көргенін қызы бірнеше мәрте әкесіне айтып барыпты. Сондықтан Зияфат «қызымнан аулақ жүр» деп, жасөспірімге ескерту жасаған. 9-сынып оқушысы осыған кектенген болуы мүмкін.

Хаяла Нариманова, марқұмның қызы:

Ол баламен 4-сыныпқа дейін бір партада отырғанбыз. Бірінші сыныптан бері маған да, басқа құрбыларыма да тыныштық бермейтін. Бізге боқауыз сөз айтып, аяқтан шалып құлату оған күнделікті нәрсе. Мен түгілі, өзге қыздар да ол туралы ата-анасына талай мәрте шағымданған. Бірақ оған бәрібір.

№55 мектеп басшылығы Пардамбек Сайыповқа шаң жуытпады. Осыған дейін бұзықтығын не мұғалімдер, не мектеп психологы байқамапты. «Осы жағдайдан кейін жоғары сынып оқушыларына беймезгіл уақытта көше кезуге тыйым саламыз», - дейді мектеп директоры.

Ондай шағым түскен емес. Ата-ана, оқушы тарапынан. Айтып тұрмын ғой, кәдімгі бала. Орта білімді.

Кісі қанын жүктеген жасөспірім қазір қамауға алынды. Оқиға орнына жеткізіліп, әкесіндей адамды қалай ұрып өлтіргенін де көрсетіп берді. Оны марқұмның туыстары таспаға түсіріп алған. Бірақ полицейлер бұл туралы мардымды ештеңе айта алмай отыр.

Сыныптасының әкесін ұрып өлтірген оқушыға қандай баппен іс қозғалғаны белгісіз. Сондай-ақ марқұмның туыстары айтқандай, қылмысқа өзге сыбайластары қатысқан ба, жоқ па, оны полицейлер айта алмайды. Қазір жалғыз күдікті қамауда, ал марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.