{metadescription}
Жасөспірімдер жануарға қиянат жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін
Жасөспірімдер жануарға қиянат жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Жасөспірімдер жануарға қиянат жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Қазақстандық жасөспірімдер жан-жануарларға қиянат жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Елімізде хайуанаттарға қатыгездік көрсеткендердің жасын 14-ке төмендету ұсынылды. Ішкі істер министрлігі қазір тиісті заң жобасын өзгертпекші.

Айбек Өскенбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жас мөлшерін 14 жастан төмендетуді ұсынып отырмыз. Бұрын 16 жас болған. Сондай-ақ 316 бап бойынша айыппұл көлемін де арттыру көзделуде. Яғни 2 мыңнан 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін. Қоғамдық жұмысқа тарту 600-ден 1000 сағатқа дейін және бас бостандығынан айыру жазасы 2-ден 5 жылға дейін өзгертілуі мүмкін. Жануарларға қиянат жасау орта ауыр деңгейдегі қылмыс түріне ауыстырылады.

Егер Парламент «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын қабылдайтын болса, шағын зообақтар толық жабылады. Ал кәдімгі табиғат аясындағы хайуанаттар бағына қатысты талап күшейтіледі. Егер жануарлар қатыгездік көрсе, бірден мұндай демалыс орындарының есігіне  қара құлып ілінеді.

Төртаяқтыларды қинау жағдайлары Алматыдағы хайуанаттар бағында бірнеше рет орын алғаны белгілі. Тіпті аң-құстарға жанашырлық танытқандар зообақтың жабылуын талап етіп қол жинаған. Дәл осыған ұқсас жайт елордада болды. Былтыр қыркүйекте хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған еді. Алайда иттерге қорлық көрсеткендерді полиция әлі таппай жатыр.  

Айбек Өскенбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

- Бүгінде қорғауға құқығы бар адамдар куә ретінде белгіленді. Бірақ күдікті тұлғалар жоқ. Бұл іс Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ аудан және қала прокуратурасының бақылауында. Қылмыстық іс қозғалды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде