Петропавлда жарылыстан зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды
Петропавлда көпқабатты үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен 21 жастағы бойжеткен қайтыс болды. Оқыс оқиғадан қаза тапқандар саны үш адамға жетті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
02.03.2021
Бес қабатты үйде болған жойқын жарылыста зардап шеккен бойжеткен аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 2000 жылы туған қыздың өмірі үшін дәрігерлер 10 күн бойы арпалысты. Осы күнге дейін тыныс алу аппаратына қосылған қыз кеше кешкісін жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оның денесінің 65 пайызын күйік шалған.
Қазір екі адам облыстық , үшеуі қаладағы ауруханада емделіп жатыр.
21-ақпанда болған апатта тағы екі адам мерт болып, 16 адам медициналық көмекке жүгінген. Пәтерлері жарамсыз болып қалған тұрғындар жатақхана мен туған-туысқандарын паналап жүр. Жарылыстан кейін тұруға жарамды деп танылған ғимаратта жөндеу жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік өткен сенбі күні тұрғындардың біразын өз пәтерлеріне қоныстандырамыз деген уәдесі орындалмай қалды. Себебі, құбырлардағы ақауды тағы бір тексеру қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары