{metadescription}
Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы әшкереленді
Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы әшкереленді

Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы әшкереленді

Массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген. Алматыда жезөкшелердің тағы бір ордасы әшкереленді. Полиция қамауға алғандар – 20-30 жас аралығындағы жеңіл жүрісті әйелдер. Сырт қарағанда еш күдік ұялатпайтын нысанның маңдайшасында «Массаждың түр-түрін жасаймыз» деп жазып қойыпты.

Алайда тәртіп сақшылары қыздардың тек сылап-сипаумен емес, интимдік қызмет көрсететінін анықтаған. Арнайы рейд кезінде 7 «түнгі көбелек» ұсталды. Олардың біреуі – Өзбекстан азаматы. Қалғаны мегаполиске еліміздің өзге өңірлерінен келгендер. Жеке ғимарат ішінде клиенттерге алкоголь ішімдіктерге толы бар мен қоса барлық жағдай жасалған. Қазір ұсталғандарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін барлығы полиция басқармасына жеткізілген. Арнайы есепке алынған соң, жеңіл жүрісті қыздар босатылады. Өйткені елімізде жезөкшелікпен айналысатындарға жаза қарастырылмаған. Ал карантин кезінде жын-ойнақ ұйымдастырғандар жауапқа тартылуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.