Полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылады
Қазақстандық полицейлердің зейнет жасы ұлғайтылмақ. Ішкі істер министрінің айтуынша, тәртіп сақшылары енді қырықтан асқанында емес, 55 жас шамасында зейнетке шығады. Бұл ретте ведомство шетелдік тәжірибеге сүйеніп отыр.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
12.03.2021
Германия, Канада, АҚШ пен Жапонияда тәртіп сақшылары 65 жаста зейнетке шығады екен. Зейнет жасын ұлғайтуға байланысты ішкі істер министрлігінде жұмыс тобы құрылған. Бірақ зейнетке шығу лауазымына қарай әр түрлі болады. Мәселен, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге 55 жастан, полковниктерге 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
- Бізде тәжірибесі мол полиция қызметкерлері кезінде зейнетке шыққысы келмеді, бірақ заң бойынша 45-55 жаста жұмыстан шығу керек. Қазір көбісі күзет сияқты жеке фирмаларда жұмыс істейді. Жаңа айтылып кетті ғой, халықаралық мәселе басқаша. Ресейде 65 жастан, Жапония, Корея жақта 63-жастан. Біз қазір сол 63 жасқа келтіріп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!