{metadescription}
Ақтау кәсіпкерлерінің базардағы тауары түгі қалмай жанып кетті
Ақтау кәсіпкерлерінің базардағы тауары түгі қалмай жанып кетті

Ақтау кәсіпкерлерінің базардағы тауары түгі қалмай жанып кетті

Ақтаудағы азық-түлік базары бір күнде екі рет отқа оранды. Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты шарпып, 50 шақты кәсіпкердің тауары түгі қалмай жанып кетті.

Ольга Белоглазова, кәсіпкер:

- Тауардың бәрі өртеніп кетті. Екі сауда нүктем бар еді. Түк қалмады. Алда Наурыз мерекесі келе жатыр. Соған да көп қылып азық-түлік алып қойып едік. Себебі, мереке қарсаңында сауда жақсы жүреді. Бәріміз бала-шаға бағып отырмыз. Кәсіпкерлер шығынға батты. Бізге көмектессе екен дейміз. Өрт сөндірушілер келгенше күзетшілер өшіруге тырысқан.  

«Көкөніс базары өртеніп жатыр» деген хабар түнгі сағат екі шамасында түсіпті. Оқиға орнына дереу 67 өрт сөндіруші мен 24 техника жеткен. Олар қызыл жалынды төрт сағат дегенде әрең сөндірген. Алайда түс ауа тілсіз жау тағы тұтанды. Бірақ от күш алып үлгермей ауыздықталды. Мамандар базардағы азық-түліктен қалған қораптар өртенгенін айтады. 

Қазір жалынның нақты неден тұтанғаны мен шығын көлемі есептеліп жатыр. Қала әкіімдігі шаш етектен шығынға батқан кәсіпкерлерге қолдан келгенше көмек көрсетеміз дейді.

Мәлік Әбдіқадыров, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:

- 400 шаршы метрдей жер өртеніп кеткен. Қазір жеке кәсіпкерлер мен қала  әкімшілігі жұмыс істеп жатыр. Жеке кәсіпкерлерді басқа базарға орналастырамыз ба... Қазір ақыладсып жатырмыз. Жолын табуға тырысамыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде