{metadescription}
Жылусыз қалған КВИ мекемесінде депутат бас көтере алмай қалған – Тараз
Жылусыз қалған КВИ мекемесінде депутат бас көтере алмай қалған – Тараз

Жылусыз қалған КВИ мекемесінде депутат бас көтере алмай қалған – Тараз

Депутаттар да жаурайды. Тараздағы коронавируспен ауыратындарды емдейтін мекемеде түнімен жылу болмай науқастар тоңып шыққан. Суықтан кейбірі ауруын асқындырып алыпты. Кесел жұқтырғандардың арасында қалалық мәслихат депутаты да бар екен. Халық қалаулысы мәлімдеме жасағаннан кейін ғана ғимаратқа жылу берілді.

- Міне, Нұрлан Шатханұлы, екінші қабатта не болып жатқанын көрдіңіз бе? Бәлкім білмейтін шығарсыз. Су тамшылап жатыр.

Қауіпті індетке шалдыққан депутат Эльмира Мырза-Ғали біраз уақыттан бері инфекциялық стационарда ем алып жатыр. Оның сөзінше, ғимараттың кіре берісінен еріген қар суы сорғалап ағып тұр. Мекеменің іші суық, крандағы су салқын, ол аздай, түнімен жылу болмаған. Соның кесірінен науқастардың бәрі жаурап, көбісінің температурасы көтереліп жөтелі асқынған. Мұндай бассыздыққа әбден ыза болған халық қалаулысы іштегі қолайсыз жағдайды таспаға түсіріп, түнде әлеуметтік желіге жариялаған. Ал ертесіне дереу жылу қосылды. Ал депутат камераға мән-жайды айтудан бас тартты. Айтуынша, денсаулығы нашарлап, бас көтере алмай жатыр. 

Ербол Ордабеков, Тараз қаласы №1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Қазандықтан ақау шықты. Бұл біздің қолымыздағы шаруа емес, оан жылу мекемесі жауапты. Олар бүгін таңертең келіп жөндеп берді. Біз сол мекемеге нарызылығымызды білдіріп хат жазғалы отырмыз. Дайындап та қойдық. Науқастар жылыусыз қалмауы тиіс.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

14 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде