{metadescription}
Атырауда ауадағы күкіртсутегі 33 есеге артқан   
Атырауда ауадағы күкіртсутегі 33 есеге артқан   

Атырауда ауадағы күкіртсутегі 33 есеге артқан   

Атырау тұрғындары тағы да тұншығып отыр. Өйткені қалада қолқаны қабатын сасық иіс шыға бастады. Дереу дабыл қаққан экологтар ауадағы күкіртсутегінің көлемі 33 есеге артқанын анықтапты. Соның салдарынан біраз тұрғынның жүрегі айнып басы айналған.

Қасымхан Көбиев, қала тұрғыны:

- Атырау туберкулезден алғашқы орында тұр. Ауаның ластығынан ғой. Қаланы қоршап тұрған зауыт бар. Олар түнде ауаға күкірт жібереді. Зиянның бәрі содан келіп тұр. Бұл иіс күн салқындап қыс түскенше тұра береді. Халық та оған әбден үйренген.

Экология департаменті ауаның ластануын байқаған бойда бірден мониторинг жүргізді. Алайда жағымсыз иіс әдеттегідей мұнай зауытынан емес, қала шетіндегі нәжіс суын төгетін булану алаңынан шығып жатқанын анықтапты. Ондағы сынама қортындысы ауадағы күкіртсутегі мөлшері 33 есеге дейін артқанын көрсеткен. Ал дәрігерлер бұл күкірт сутегі өкпе ауруын қоздыратын негізгі фактор дейді.   

Әлібек Бекмұхаметов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы:

Атырау мұнай зауыты өзінің әсерін әкеледі жұмыс уақытында. Ал кешегі, ол, нақты айта аламын булану алаңы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.