{metadescription}
Шымкенттік полицейлер журналистерге күш қолданған
Шымкенттік полицейлер журналистерге күш қолданған

Шымкенттік полицейлер журналистерге күш қолданған

Алтынтөбе ауылында болған оқиғадан журналистер де зардап шекті. Шымкенттік полицейлер қызмет бабында жүрген тілшілерге күш қолданған. Осыған ашынған бір топ журналист қолына плакат алып полиция департаментінің алдына барды.

- Абдуллаев әріптесімнің қолын қанатты. Қолындағы қолшатырын сындырды. Бұл көріп тұр. Диляра Исаның телефонын тартып алмақ болды. Біздің араласуымызбен телефонын сақтап қалды. Бұл полицияға қолмен түртсең жаза бар. Сындырады. Журналистер де қорғалған. Журналисті ұрған кезде заң жүрмейді бізде – Шымкентте.

Тілшілердің ашуына кезекті түсірілім кезінде жасалған бірнеше шабуыл себеп болған. Жолды жаппақ болған тұрғындарды түсіру кезінде полицейлер  журналистің телефонын тартып алмақ болған. Денесімен көлегейлеп, түсіруге кедергі жасады. Тағы бір арнаның телеоператорын тұмсықтан ұрған. Тіпті бір тілшіге тәртіп сақшысы «сені өлтіремін»- деп ашық қоқан-лоққы көрсеткен. Ашынған тілшілерге  Шымкент полиция департаментінің басшысы өзі шықты. Генерал дөрекі қызметкерлері үшін кешірім сұрап, барлық жәйт жіті тексерілетінін жеткізді.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент полиция департаментінің бастығы:

- Егер біздің қызметкерлер кінәлі болса, кешірім сұрауға дайынмын. Кешіріңіздер. Заңды шешім қабылдаймыз. Тергеу жүргізіліп жатқан кезде өздеріңіз қатысасыздар. Жасырын болмайды, білесіздер, есік ашық. Қарсы емеспін, кез келген уақытта келіңіздер, көріңіздер, біз оны бастадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде