{metadescription}
Вакцина оразаны бұза ма?
Вакцина оразаны бұза ма?

Вакцина оразаны бұза ма?

Вакцина оразаны бұзбайды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы шығарған пәтуә осындай.

Мүфтияттың айтуынша, адам ағзасына ауыз, мұрын, ішек арқылы табиғи жолмен түскен нәрсе ғана оразаны бұзады. Ал вакцина бұлшық етке салынатындықтан екіұдай күйге түсудің қажеті жоқ.

Дегенмен қазір ислам ғалымдары екпенің өзін екіге бөледі – қуат беретіні және қуат бермейтіні. Вакцина екінші санатына жатады. Сондықтан діни басқарма Рамазан айында екпе қабылдауға еш кедергі жоқ екенін алға тартады.

Қайрат Дабылов, ҚМДБ Алматы қаласы бойынша пәтуа бөлімінің қызметкері:

- Қуат бермейтін емге жасалған қазіргі екпеміз бар, сол секілді басқа да нәрселер салатын болса, ол оразаны бұзбайды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы пәтуасы шықты. Екпе бұл қуат беретін нәрсе емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде