{metadescription}
Қырғызстанда қыз алып қашуға қарсы митинг өтті
Қырғызстанда қыз алып қашуға қарсы митинг өтті

Қырғызстанда қыз алып қашуға қарсы митинг өтті

Қыз алып қашуға қарсылық білдірген қырғыз халқы митингке шықты. Үкімет үйіне келген айырқалпақты ағайынның бұлай ашуға мінуіне ескі дәстүрдің құрбаны болған Айзада Қанатбекованың өлімі себеп.

Наразы топ дер кезінде әрекет етпеген құқық қорғау органдарын кінәлап, ішкі істер министрін орнынан кетуін талап етті.

Бішкек пен Ош қаласында көшеге шыққан жұрт бойжеткенді алып қашқаны туралы бейнежазба тараса да, құқық қорғау өкілдері қайғылы оқиғаның алдын алмады деп есептейді. Себебі, марқұмның туысқандары милициядан іздестіру шарасын жеделдетуді өтінгенімен, түк нәтиже бермеген.

6-сәуірде белгісіз үш адам Айзада Қанатбекованы көлікке күштеп мінгізіп алып кетеді. Кейін қала шетінде қаңтарылған көліктен Айзада мен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылады. Болжам бойынша, күдікті әуелі қызды тұншықтырып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған. Әзірге екі күдікті ұсталды. Алайда қыздың өлімімен аяқталған алып қашу оқиғасы халықтың жаппай наразылығын тудырды.

Үкімет үйінің алдындағы топқа премьер-министр шығып, басу айтуына тура келді. Ал елді дүрліктірген қайғылы жағдайды президент Садыр Жапаров өз бақылауына алды.  

Садыр Жапаров, Қырғызстан Республикасының Президенті:

- Алып қашу және некеге тұруға еркінен тыс мәжбүрлеу заң бойынша қатаң жазалануы керек. Ондай адамдарға кешірім болмауы тиіс. Ішкі істер министрлігі жайында ерекше тоқталсам, біздің қоғамда заң мен тәртіп бәрінен жоғары тұруы қажет. Айзада Қанатбекованың өліміне қатысты жан түршігерлік жайт қалыңдық ұрлығы тарихындағы соңғы оқиға болуы тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде