{metadescription}
Көкшетау-Атбасар тас жолындағы апатта 64 жастағы әйел ұл-қызымен мерт болды
Көкшетау-Атбасар тас жолындағы апатта 64 жастағы әйел ұл-қызымен мерт болды

Көкшетау-Атбасар тас жолындағы апатта 64 жастағы әйел ұл-қызымен мерт болды

Көкшетау-Атбасар тас жолында болған ірі жол апатында бір отбасы мерт болды. Тапа-тал түсте үш көлік соқтығысып, анасы екі баласымен көз жұмған.  

Бір бағытта келе жатқан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдында жүріп келе жатқан «Газельді» соғады. Осыдан кейін жүк көлігі қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан  «Фольксвагенмен» бетпе бет соғылыпты. Жеңіл көліктен түк қалмаған. Оның ішінде ұл-қызымен бірге 64 жастағы анасы болған. Үшеуі де  оқиға орнында тіл тартпай кетті. Апаттан «Газель» автокөлігінің газ қондырғысы жарылған. Жүргізушісі көліктен шығып үлгеріпті. Оның қасында көп жарақат алған жолаушы әйел ауруханаға түсті.   

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

«ВАЗ 2110» автокөлігінің жүргізушісі апатқа себеп болған деген болжам бар. Жол апатын жасап, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс әрекет бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде