{metadescription}
Карантин кезінде оразаны қалай ұстайды?
Карантин кезінде оразаны қалай ұстайды?

Карантин кезінде оразаны қалай ұстайды?

«Сары» және «қызыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерде ауызашар берілмейді. Тарауық намазы да оқылмайды. Бүгін карантин кезінде Рамазан айын қалай өткізу керектігі жөнінде түсініктеме берген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай талап қойды.  

Ал коронавирус жұқтырып алған адамның ораза ұстауы, не ұстамауы дәрігерге байланысты. Егер аузы берік адам ковидке шалдығып, дәрігер оған оразасын жалғастыра беру денсаулығына зиян екенін айтса, онда дәрігерге құлақ асу керек. Карантин уақытындағы оразада тағы қандай шектеу-талаптарға назар аудару керек?

Отыз күн ораза осымен екінші жыл қатарынан пандемия құрсауында өткелі отыр. Соған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел аумағындағы мешіттерде де орналасқан өңірінің түстеріне қарай шектеулер қойған. Бұл шектеулердің барлығы бес уақыт намазы, жұма намазы, тарауық намазы мен ауызашар өткізу тәртібіне қатысты болып отыр.

«Жасыл» аймақтағы мешіттерде намаз оқитын әр адамның айналасы төрт шаршы метрден болу керек. Мешіт іші 30 пайыздан артық толтырылмауы тиіс. Ауызашар өткізу де осындай 30 пайыздан немесе 50 адамнан асырылмайды. «Сары» аймаққа да осындай талап қойылған. Бір ерекшелігі, ауызашар мешіт аумағында ұйымдастырылмайды. Тек қоржын қалталармен мұқтаж жандарға жеткізіледі. Ал «қызыл» аймақта өз ерекшелігі бар.

Ершат Оңғар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары:

Бес уақыт намазды тек жекелеген түрде оқу, яғни жамағатпен оқымау. Намаз оқушылардың арақашықтығы екі метр болып, арнайы белгіленген орындарда оқу. Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын жеткізіп беру. Бұл ауызашар ұйымдастырылмайды дегенді білдіреді.

«Қызыл» аймақтағы мешіттерде тарауық намазы да оқылмайды. Қай мешіт қандай аймақта тұрмасын, ауызашарды мейлінше, әркім өз үйінде, отбасымен өткізуді сұрап отыр. Жергілікті бас санитар дәрігерлер де осындай ұсыныс жасады.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері:

- Нұр-Сұлтан қаласының санитария-эпидемиология бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық шараны ескеруді және сақтауды атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында өткізбеуді ұсынамыз. Қонақасы немесе бірге уақыт өткізуге келгісі келетін отбасы мүшелері мен достары болып табылады. Бұларға да жол бермеу керек.

Ораза ұстайтын адамға вакцина қабылдауға болады. Діни басқарма өкілдері дінімізде оған рұқсат етілетінін айтады. Аузы берік адам коронавирусқа шалдықса әрі қарай оразасын жалғастыруы немесе тоқтата тұруы дәрігердің кеңесіне байланысты екенін мәлімдеді.

Діни парызын өтеп жүргендердің ПТР-тест тапсыруына да шектеу дініміз рұқсат береді дейді мүфтилер. Ал жоғарыда айтылған шектеу-талаптың барлығы кез-келген жағдайда жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес өзгеруі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.