{metadescription}
Оқушылар мектепке қашан оралады? 
Оқушылар мектепке қашан оралады? 

Оқушылар мектепке қашан оралады? 

Оқушылардың мектепке толық оралуы эпидемиологиялық ахуалға тікелей байланысты. «Қызыл» аймақтан шықпаған жердегі мектептер қалыпты режимде жұмыс істей алмайды. Мектептердің оқу тәртібін жергілікті санитар дәрігерлер бекітіп отыр.

Пандемияға қатысты жағдай жақсарып, өңірлер «сары» және «жасыл» аймаққа өтсе, мектепке баруға рұқсат беріледі. Бұл жөнінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, оқушылардың мектепке оралып, қалыпты режимде білім алуына вакцинациялау қарқыны да әсер етеді.

Аймағамбетов жер-жердегі санитар дәрігерлердің талабына құлақ түріп, қатаң сақтауға шақырды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» және «сары» аймақта тұрған өңірлерде барлық сынып аралас форматта білім алып жатыр. Сыныпта балалар санын 25-тен асырмау талап. Ал «қызыл» аймақта жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлық, 1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқиды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Бізге балалардың кәдімгі дәстүрлі форматта оқығаны тиімді. Ол бізге емес, балалардың өзіне, ата-анасына да тиімді. Бірақ індетте бізге ең басты мәселе – баланың, мұғалімдердің, ата-аналардың денсаулығы, қауіпсіздігі. Сондықтан бұл мәселеде сарапшыларға жүгінеміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде