{metadescription}
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді. Өткен тәулікте індет 2 жарым мыңнан аса адамнан анықталған. Әсіресе Алматыдағы ахуал күрделі. Мұнда бір күнде 710 тұрғын вирус жұқтырған. Қауіптің «қызыл» деңгейінде тұрған қалған 7 өңірде де аурудың таралу көрсеткіші түспей тұр.  

Ал «жасыл» аймақтағы өңірлер «сарыға» ойысып жатыр. Бүгін бұл қатарға Қызылорда мен Павлодар облыстары қосылды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облысы, БҚО, Алматы облысы – «қызыл»

Шымкент – «сары»

Павлодар облысы – «сары»

Қызылорда облысы – «сары»

Алматыда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар 700-ден асты. Жұрт қалыпты өмірге тезірек оралуды аңсап жүрсе, дерт одан әрі дендеп барады.

Елордада да індет жұқтырғандар күн сайын көбейіп, қала бір айдан бері «қызыл» аймақтан шыға алмай келеді. Бұған бірден-бір себеп – той-томалақтың тыйылмауы дейді мамандар.

Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23 пайызға жоғары.  Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симптомдары бар 404 жағдай, 174 симптомсыз жағдай.

«Қызыл» деңгейдегі Ақтөбе облысында кеше 117 адамның тесті оң шыққан. Арасында «Білім-Ақтөбе» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі де  бар. Соның салдарынан 200-дей бала оқитын білім ордасын карантинге жабуға тура келді.

Гүлшат Сералы, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Инфекция көзі және байланыста болған адамдар оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Мектеп-интернатта оқу 14 күндік карантинді сақтай отырып, онлайн-режимге ауыстырылды. Мектеп-интернаттың барлық тәрбиеленушілері медициналық бақылауға алынды.

Ақтөбе облысында жалпы саны 3 мыңдай адам індетке байланысты оқшауға алынған. Олар екі апта үйден шықпай, дәрігердің бақылауында болады.

Өткен тәулікте Covid-19 инфекциясы 2586 адамнан анықталып, антирекорд тіркелді. «Қызыл» аймақта бұрынғыша 8 өңір тұр. Бұл жолы коронавирус картасында «сары» түске боялған өңірлер көбейіпті – Шымкент қаласының қасына Қызылорда мен Павлодар облыстары қосылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде