{metadescription}
«Спутник V» антиденелері ағзада қанша уақыт сақталады?
«Спутник V» антиденелері ағзада қанша уақыт сақталады?

«Спутник V» антиденелері ағзада қанша уақыт сақталады?

Нұр-Сұлтанда сәуірдің 12-нен халықты жаппай вакциналау басталады. Сауда орталықтарында екпе жасайтын алаңдар жасақталып жатыр. Ол жерде астаналықтар мен тіркеуде тұрмаған елорда қонақтарын екі ауысымда жұмыс істейтін бригада қабылдайтын болады.

Ел астанасында санитарлардың айтуынша, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға 600 мыңнан астам тұрғынды немесе жалпы астаналықтардың 60 пайыздан астамын вакциналау қажет. Бұған дейін мамандар «Спутник V» вакцинасынан түзілген антиденелер екі жылға дейін ағзада сақталады десе, бүгін санитарлар ол жаңалықты жоққа шығарды. Себебі, екпеден соң қалыптасқан иммунитеттің нақты қашанға дейін сақталатыны толықтай зерттелмеген, бірақ кемі 6 айдай ағзаны қорғай алатыны белгілі. Дүйсенбі күні басталатын екпе Нұр-Сұлтандағы ірі сауда орталығының ішінде ұйымдастырылады.

Вакциналардың біреуін ғана таңдау керек, яғни әр түрлі екпені араластырып салуға мүлдем болмайды. Депутаттар мен президент елдегі екпе салу қарқынын қатты сынаған болатын. Енді шенеуніктер қажетті вакцина дозаларын алдырып жанталасып жатыр.

Тимур Мұратов, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Қалаға 287 мың дозаны сәуірде әкелуге жоспарлап отыр.Оның қазіргі күнде 6 мыңға жуығы Қазақстанда шығарылған вакцина болады. Ол осы сәуір айының соңында келеді. Қалғаны қарағандылық  зауытта шығарылған «Гам-ковид» вакцинасы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.