{metadescription}
Щучье: Жедел жәрдемге оқ атқан – 17 жастағы студент
Щучье: Жедел жәрдемге оқ атқан – 17 жастағы студент

Щучье: Жедел жәрдемге оқ атқан – 17 жастағы студент

Ойыннан от шықты. Щучье қаласында жедел жәрдемге оқ атқан азамат ұсталды. Ол 17 жастағы студент екен.

Жасөспірім 103 көлігін әдейі көздемеген. Ол екі досымен бірге аулада пневматика қарудан пластикалық бөтелкелерді атып ойнаған. Дәл сол кезде жедел жәрдем көлігі жолдан өтіп бара жатқан. Оқ осы кезде бөтелкеге емес, жедел жәрдемнің терезесіне тиген. Бірақ көліктегі жүкті келіншек те, фельдшерлер де жарақат алмаған.

Тапаншамен ойнаған студентке бұзақылық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Кәмелетке толмаған баласы үшін анасы кешірім сұрады.

Анасы:

- Үйде жатқан пневматика тапаншаны осыдан бір жыл бұрын балам елордаға барғанда сатып алған. Достарымен ойнаған кезде жолға қарай оқ атпауы керек еді. Балалар ғой, жедел жәрдемге тигенін көріп қашып кетіпті. Балам үшін кешірім өтінем! Ол көлікті көздемеген. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде