{metadescription}
Киім-кешек әлі де қымбаттай береді, себебі...
Киім-кешек әлі де қымбаттай береді, себебі...

Киім-кешек әлі де қымбаттай береді, себебі...

Азық-түлік, баспана мен бензиннің ізін ала, енді киім-кешек қымбаттап жатыр. Әсіресе ер адамдардың киімі құны жағынан аспандап кеткен. Себебі: жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 90 пайыздан астамы импортталады. Ал отандық өнімнің үлес салмағы тіптен елеусіз. Саудадағы барлық киімнің ішінде қазақстандық үлес бар болғаны 0,6 пайыз.

Киім-кешек әлде де қымбаттай береді дейді сарапшылар. Себебі неде?   

Киімге сұраныс қашан да бар. Бірақ біздің елдегі өндірушілер сол сұранысты қанағаттандыруға қауқарсыз. Сондықтан киіп жүргеніміздің 99,4 пайызы шетелден импортталады. Ал отандық тігін фабрикалары тек мемлекеттік тапсырыспен күнелтуге мәжбүр. Мұнда да өз түйткілі бар.  

Сапарбай Жобаев, экономист:

- Бізде тапсырысты беретін кім ? Әскерилер, құқық қорғау органдары, мектеп, интернаттар, осындай мемлекеттік тапсырыс беретін ұйымдардың тобы бар. Солар егер біздің жеңіл өнеркәсіпке тапсырыс бергенде олар өсер еді. Бірақ жемқорлық пайда болып, өз пайдасын ойлағандар шетелге тапсырыс беріп, біздегі жеңіл өнеркәсіпті тоқтатқан жағдайлар бар.

Жалпы жыл басынан бері киімнің құны 5 пайызға өскен. Бұған импорттау құнының біршама артқаны әсерін тигізген. Оның үстіне әлем бойынша шикізат тапшылығы да байқалады. Жеңіл өнеркәсіп саласы мамандарының айтуынша, баға әлі де өсе бермек.

Инна Апенко, Қазақстан жеңіл өнеркәсіп ассоциациясының вице-президенті:

- Соңғы жарты жылда әлемдегі матаның құны 30 пайызға қымбаттады. Себебі, былтыр мақтаның шығымдылығы да нашар болды. Ал нарықтағы бар мақта қорын Қытай компаниялары сатып алды. Сондықтан мақта негізгі шикізат екенін ескерсек, онда жаз айларында киімнің құны тағы 15-20 пайызға қымбаттайтын болады. 

Негізі наурыз айында жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері жағдайларының мүшкілдігін айтып көмек те сұраған екен. Бірақ ешкім құлақ аспаған. Сондықтан киімнің бағасын отандық өнімнің есесінен арзандату орындалмас дүние дейді мамандар. 

Гүлмира Уахитова, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің төрайымы:

- Бүгінде жеңіл өнеркәсіп саласына үкіметтен қарастырылып жатқан көмек жеткіліксіз. Сондықтан отандық және шетелдік инвесторлар шикізат өндірісімен айналысуға құлықсыз. Оның үстіне теңгенің құны құлдыраған сайын киім бағасы да арта береді. Негізі отандық өнімдерге ішкі нарықта сұраныс бар. Бірақ үкімет көңіл бөлмейінше, жағдай өзгермейді.

Сарапшылардың айтуы бойынша, Қазақстандағы киімнің бағасы бұдан әрі қымбаттамаса, арзандамайды. Себебі: отандық үлестің өзін көбейткен күннің өзінде Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің өндірісіне қажетті шикізаттың барлығы шетелден тасымалданады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде