{metadescription}
Орталық базар саудагерлері табысқа тартысып жатыр
Орталық базар саудагерлері табысқа тартысып жатыр

Орталық базар саудагерлері табысқа тартысып жатыр

Ақтөбеде орталық базардың саудагерлері шу шығарды. Олар көше бойында жабайы саудамен айналысатын бәсекелестерін қудалауды талап етіп отыр. Солардың кесерінен пайдадан қағылдық деп ашынады наразы топ.

Әкімдіктегілер мен тәртіп сақшыларына арызданғанмен, олар қол қусырып отырған көрінеді. Полицейлер көше саудагерлерінен ақша алып заңсыз табыс тапқанына көз жұмады дейді базардағылар.

Онсыз да у-шуы көп Ақтөбенің орталық базарында саудагерлер екіге бөлініп табысқа тартысуды әдетке айналдырған. Бірінің базарда орны мен қолында заңды құжаты болса, екіншілері көше бойында қашып-пысып сауда жасайды. Бірақ жабайы саудамен айналысатындар базардағыларды табысынан қағып отыр екен. Және карантинде де көше бойындағы сатушыларға тыйым жоқ.

Гүлмира Бисенғалиева, саудагер:

- Тұрмыс үйі жақта да толып отыр. Балық, салат, сирақ, қарын тағысын-тағылар. Бәрін орнына қойсын. Әркім өз орнында тұрсін. Біз әділдік іздейміз. 

Саудагерлер көше бойындағы жабайы сауда мәселесінмен түрлі құзырлы органдарға арыз жазған. Тәртіп сақшылары заңсыз табыс тауып жүргендерді көрсе де, көз жұма қарайды деп ашынды.

Алмагүл Қарамырзаева, саудагер:

- Бұлардың Сәуле деген басшысы бар дейді. Учаске полициясына жеміс-жидек, ақша жинап береді. Неше мыңдап істесең де бәріне солай.

Көше бойында заңсыз саудамен айналысатындар қашып-пысып табыс табудың оңай емес екенін айтады. Ал базардан орын алуды қымбатсынады.

- Менің бала-шағамды кім бағады? Қырқынан шықпаған баламды тастап кетіп отырмын. Несием көп, сол үшін шығамын. Неге шықпаймын? Базардың ішіне 70-80 мың төлей алмаймын. Неге қумасқа? Полиция қуады. Ешқандай полициямен қарым-қатынасым жоқ. Қуады, жинаймын, қашамын.

Әкімдіктегілер мен тәртіп сақшылары бұл мәселені беске біледі. Өздері де күнде көріп жүр. Бірақ өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай – қос тараптың көңілінен шыққысы келетіндерін жасырмайды.

Ләззат Смайылова, Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Көше бойында жабайы саудамен айналысатындардың көбі жағдайы жоқ аналар. Жұмыссыз жүргендер мен көпбалалы, жалғызбасты аналар бар. Оларды да түсінуге болады. Бірақ жергілікті полиция қызметі көшедегі жабайы сауда орындарын жоюда өз міндетін атқарып жүр.

Енді шенеуніктер қаланың он екі жерінен саудагерлер тегін тұратын шағын базар ашып береміз деп отыр. Бірақ пайда тауып үйренген жерінен ешкімнің ол жаққа бармасы белгілі. Сондықтан орталық базар саудагерлері ешкімнің әлі келмесе, өзара топ құрып көше бойындағыларды өзіміз қуамыз деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.