{metadescription}
Қазақ қайғысын қаузай білген Есенғали Раушанов дүниеден өтті...
Қазақ қайғысын қаузай білген Есенғали Раушанов дүниеден өтті...

Қазақ қайғысын қаузай білген Есенғали Раушанов дүниеден өтті...

Ковид індеті қазақты тағы бір асылынан айырды. Бүгін 64 жасқа қараған шағында көрнекті ақын  Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Марқұмның артында өшпес мұра болып том-том жырлары қалды.

Қарымды қаламгер тірісінде қазақтың қайғысын қаузай білді. Ол Желтоқсан оқиғасына орай туған «Қара бауыр қасқалдақ» әнінің сөзін жазған. Ақын табиғат тақырыбына да талай жыр арнады.

Есенғали Раушанов қазақ журналистикасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан. «Жалын», «Арай», «Зерде» журналдарында қызмет етті. «Жазушы» баспасының директоры болды. Ақын марапатқа кенде болмаған. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері.

Өлеңнің хас шебері коронавирусқа шалдығып жансақтау бөліміне түскен. Марқұм онда 13 күн жатыпты. Дәрігерлер қанша арпалысқанымен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмаған.

Мереке Құлкенов, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары:

- Ол қаншалықты талантты болса, соншалықты мейірімді адам еді. Тұла бойынан мейірім есіп тұратын. Оның жеткен жетістігіне ешбір ақын жете алған жоқ, қазіргі тірі жүргендер арасында. Анау баяғы Абайдан бері қарай, Мағжаннан бері қарай ұлы адамдарымыздың заңды жалғасы, алтын тұяғы болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.