{metadescription}
Алматыда діни бірлестік өкілдері вакцина алды
Алматыда діни бірлестік өкілдері вакцина алды

Алматыда діни бірлестік өкілдері вакцина алды

Екпе салдыру – ауруға деген күмәнді артқа қалдыру. Елде жаппай вакциналау басталғалы үдеген үрей басылып, халықтың екпеге қатысты пікірі өзгерді. Бір-бірін кеселге қарсы тұратын емшара жасатуға үгіттейтіндер көбейді.

Бүгін Алматыда діни бірлестік өкілдері де екпе қабылдады. Еліміздегі мұсылмандар, христиандар, католиктер мен протестанттар – ірі конфессиялардың аймақтағы дінбасыларынан өзге 17 ағымның өкілдері вакциналауға түгел келді.  Кабинетке бес адамнан артық кіргізілмейді. Екпе жасалғаннан соң жарты сағат дәрігердің бақылауында отырады.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы оразада вакцина алуға  қатысты пәтуа шығарып, ауыз бекітуге еш кесірін тигізбейтінін тағы қайталап айтты. 

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

- Ол бұлшық етке егілетін дәрі болғандықтан, тамырға емес, азық болмайтын дәрі. Сондықтан екпе оразаны бұзбайды. Күнделікті мұсылман адамның күндіз Рамазан айында жасап жататын ораза және басқа құлшылықтарына зияны жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.