{metadescription}
Ковид-19: 27 науқас өкпеге жабысқан дертті жеңе алмай көз жұмды
Ковид-19: 27 науқас өкпеге жабысқан дертті жеңе алмай көз жұмды

Ковид-19: 27 науқас өкпеге жабысқан дертті жеңе алмай көз жұмды

Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны азаймай тұр. Өткен тәулікте де 2656 адамнан қауіпті індет табылып, тағы антирекорд жаңартты. Ал 27 науқас өкпеге жабысқан дертті жеңе алмай көз жұмды. Қазір «қызыл» аймақта тұрған тоғыз облыста карантин шектеулері күшейтілген.

Сауле Сәдуақасова, Ақмола облысы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Облыста эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. «Қызыл» деңгейге 5-сәуірде ауыстық. Бұл наурыз мерекелерінде сақтық шараларын жасамаудың нәтижесі. Қазір дерт тіпті асқынып тұр десе болады. Тәулігіне 90-100 адамнан індет табылуда.

Ақмола облысында күн сайынғы көрсеткіш төмендейтін емес. Әсіресе елорда іргесіндегі Целиноград, Аршалы, Шортанды аудандарында ауру асқынып, соңғы аптада науқас 3 есеге артқан. Жұқпалы дерт балалар арасында да өршіген. Қазір облыста 1106 оқушы қауіпті індетті жұқтырған. Енді вирус анықталған сыныптар ғана жеке карантинге жабылатын болды. Қазір өңірде 201 мониторинг топтар жұмыс істегенімен, олар да ойын-сауық пен той-томалаққа тосқауыл бола алмай отыр.

«Қызыл»деңгейдегі Ақтөбе облысында да жағдай тұрақты емес. Тәулігіне 100-120 адам қауіпті індетке ұшырап жатыр. Коронавирус бұл өңірде жүкті әйелдер арасында жиі кездесе бастаған. Қазір вирус анықталған 30 жүкті келіншектің 8-і пневмониямен ауруханада жатыр. Ал 96 баланың 9-ы әлі де ем-дом қабылдауда. Бұл өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 7123-ке  жетті. 

Рүстем Исаев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жыл басынан 64 адам қайтыс болды. Бүгінде үй карантинінде 4830 адам ем алып жатыр. Жасқа қарасақ, жансақтау бөлімінде жатқан аурулар 50-64 жасқа дейін 15 науқас жатыр, 65 тен жоғары 24 науқас емделіп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.