{metadescription}
Өскеменде 10 қабатты үйдің қаптамасы қирап жатыр
Өскеменде 10 қабатты үйдің қаптамасы қирап жатыр

Өскеменде 10 қабатты үйдің қаптамасы қирап жатыр

Өскеменде көп қабатты баспананың қабырға қаптамасы қирап жатыр. Жел тұрса жан-жаққа ұшатын плиталар талай мәрте тұрғындардың басын жара жаздаған.  

Әсем Сұранова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Баланың немесе адамның басына түссе өте қауіпті. Ондай жағдай бірнеше рет болды. Машиналарғада да түсті. Тіпті өзімнің тап қасыма да құлады.  Тағы бір рет баланың аяғына түсті. Плиталардың құлап жатқанын көргенімізге 10 жыл болды.

10 қабатты үйдің қолданысқа берілгеніне он жыл болған. Содан бері тұрғындар үрейі ұшып жүр. Аулада таза ауамен тыныстаудан қалдық дейді. Сәл жел тұрса, қабырғаны қаптаған керамика плиталар жан-жаққа ұшады. Тұрғындар талай мәрте әкімдікке арыз жазған. Алайда жергілікті билік қол қусырып отыр. Мамандар сапасыз салынған үй тұрғындардың өміріне қауіп төңдіретінін мойындады. Бірақ жөңдеуге қаржы жоқ дейді.

Әлібек Тұрсынбетов, Өскемен қаласы әкімнің кеңесшісі:

- Мұны бірінші кезекте толық ауыстыру керек. Оның орнына сапалы материал алу қажет.Сондықтан біз құжаттың барлығын әзірлеп қойдық. Енді облыстағы мәслихат келісім беріп қаражат бөлінсе, жөңдеуді бастаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде