{metadescription}
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеуге алынды

Пандемиядан пайда тапты деген күдікпен Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тергеліп жатыр. Әсет Қалиевке қатысты жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қылмыстық іс қозғаған.

Қалиевке Ақтөбе облысында жүрген кезінде медициналық қондырғы алуға бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген айып тағылып отыр. Қаржы  қауіпті індетпен күресу үшін қазынадан бөлінген. Мәліметтерге қарағанда Ақтөбе облысының бұрынғы денсаулық сақтау басқармасының басшысымен бірге тағы бірнеше адам тергеліп жатыр. Бірақ құзырлы орындар мұны ашып айтпайды.

Әсет Қалиев аймақтың бас дәрігері қызметінен былтыр жазда босатылған. Артынша  Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев оны Таразға шақырып алған. Бірақ үстінен қылмыстық іс қозғалып жатса да, шенеунік әлі мемлекеттік қызметте жүргенін әріптестері растады. Ақтөбедегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеумен айналысып жатыр. Бірақ шенеуніктің қаржыны қалай талан-таражға салғанын әзір айта алмаймыз деп отыр.

Дархан Мүсіров, Ақтөбе облысы жермқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Іс қозғалғанын растаймыз. Бұрын хабарлағанымыздай, қазір қылмыстық іске қатысты қандай егжей-тегжей жарияла алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде