{metadescription}
Таразда жасөспірімдер арасында болған атыстың себебін неге жасырып отыр?  
Таразда жасөспірімдер арасында болған атыстың себебін неге жасырып отыр?  

Таразда жасөспірімдер арасында болған атыстың себебін неге жасырып отыр?  

Тараздағы мектеп оқушылары арасындағы атыстан зардап шеккендер бірнеше күннен соң ауруханадан шығарылады. Дәрігерлер олардың өміріне төнген қауіп жоқ дейді. Ал құзырлы орын мен білім бөлімі болған жағдайды бес күн бойы жасырған. Әлі күнге тұшымды ақпарат беруден тартынып отыр.

Жасөспірімдер арасындағы жанжалға не себеп болғаны әлі белгісіз.  

Айдың-күннің аманында Таразда мектеп оқуышылары бір-біріне оқ атты. Оқиға бес күн бұрын түнгі сағат 11 шамасында Шөлдала ауылында болған. Бір топ азамат осы елдімекеннің жасөспірімдеріне оқ жаудырған. Бірақ бұл дерек күні-бүгінге дейін жасырын ұсталған. Жаппай тәртіпсіздікке қанша адамның қатысқаны белгісіз. Ал жарақат алғандардың саны үшеу. Оның біреуі – колледж студенті, екеуі 11 сынып оқушылары. Денесі бытыраға тұнып қалған жәбірленушілер әлі ауруханада жатыр. 

Азат Сәтжанов, Жамбыл облысы көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері:

- Ауруханаға жатқан уақытта олардың жағдайы орташа ауыр деп есептелді.Бытыраның көптігіне байланысты ота жасалды. Балалардың өміріне қауіп төнетіндей, бытыралардың қан тамыры маңына орналасу қауіпі жоқ. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. 

Науқастардың денесіндегі бытыраның санында есеп жоқ, әйтеу жанды жеріне тимеген. Ем қабылдап жатқан екеуі енді екі күнде үйіне жіберіледі. Ал Шөлдаланың тұрғындары бұл оқиғадан әбден шошып, балаларын көшеге шығаруға қорқып отыр. Оқыс жағдайдан кейін мектеп директоры мен оның орынбасарына қатаң сөгіс берілген. Ал жағдайға қатысты түсініктеме беруден қашқақтаған білім бөлімінің басшысы қару қолданған қарсы тарап қай мектептің оқушылары екенін айтпай қойды.  

Саясат Есеев, Тараз қалалсы білім бөлімінің басшысы:

- Жәбірленушілерге оқ атқан қай жақтың оқушылары?

- Бұл жерде тағы да қайталап өтемін. Бұнымен тергеу орындары айналысып жатыр, сондықтан арнайы мамандар жауап беруі керек.

Тәртіп сақшылары аталмыш деректі барынша құпия ұстауға тырысуда. Тек шағын мәлімет таратты. Онда оқиғаның мән жайы жан-жақты түсіндірілмеген.

Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, атыс осы жерде болған. Көрші ауылдың үш машинаға мінген бір топ азаматы осында келіп, №55 мектептің шәкірттеріне оқ жаудырған. Қарсы тараптың арасында да мектеп оқушылары бар көрінеді.

Оқ қандай қарудан атылды? Күдіктілер қаруды қайдан алды? Олар қай ауылдың оқушылары? Ұсталғандардың саны нешеу? Олар не бөлісе алмаған? Бұл сауалдардың жауабы қазір мемлекеттік құпиядан да маңызды болып тұр.

Бейбіт Нәлеков, Тараз қаласы №2  ПБ бастығы:

- Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыс істеген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істің толық мән-жайы қылмыстық процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды.

Былтыр да осы ауылда оқушылар арасында  жаппай төбелес болған. Ол кезде 16 бала бес жігітке жабылып, біреуін пышақтап өлтірген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.