{metadescription}
Алматыда іс жүзінде жоқ қызметке қазынадан миллиондаған қаржы жымқырған
Алматыда іс жүзінде жоқ қызметке қазынадан миллиондаған қаржы жымқырған

Алматыда іс жүзінде жоқ қызметке қазынадан миллиондаған қаржы жымқырған

Қағазда бар, іс жүзінде жоқ. Алматыда аудандағы санитария-эпидемиология бақылау басқармасы жоқ күзет қызметіне қазынадан жыл сайын миллиондаған қаржы жымқырыпты. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты дәрігер Қайырғали Көнеев әшкерелеген.

Қайырғали Көнеев, дәрігер:

- Екі-үш жылдай созылған. Айына 150-200 мыңдай алып тұрған. Ұрланған бюджеттің ақшасы қосымша айлық ретінде бастықтардың қалтасына түсіп отырған. Бұл дұрыс емес. Қазір дәрігерлерге үстемақы беруге ақша жетпей жатыр. Сол жаққа жұмсалса адал болар еді. Заң бұзылып алынған ақша бюджетке қайтарылуы керек.

Алматылық дәрігер алғашында бұл сорақылықты таныстарынан естіпті. Сосын әңгіменің анық-қанығын білу үшін құзырлы мекемеге хат жолдаған. Жандарбек Бекшин басқаратын қаланың санитария-эпидемиология бақылау департаменті өз кезегінде ақ халаттының күдігін растап, құзырлы орган аталған іс бойынша тергеуді бастап кеткенін жеткізді.

Басы дауға қалған Алатау ауданының санитар мамандары аудан  әкімдігінің ғимаратында отырады. Олардың қауіпсіздігін әкімдік қаржыландыратын күзет қызметі қамтамасыз етеді. Бұған біз де көз жеткіздік. Жауапты департамент өкілдері аудан басқармаларының күзетіне жылына 2 миллионнан астам қаражат қарастырылатынын мәлімдеді. Яғни қосымша күзетшілердің қажеті жоқ деген сөз.

Бауыржан Қыдырбайұлы, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Осы жағдайды білген күннен бастап департамент басшысының бұйрығымен қызметтік тексеріс жүргізілді. Жиналған барлық мағлұмат ҰҚК мен құзырлы органдарға жолданды. Бұл құзырлы органдар өз тергеп-тексерулерінің қорытындысын бізге жібереді. Содан кейін ғана біз өз құзірет шеңберімізде аталған жағдайға байланысты шара қолданамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.