{metadescription}
Медициналық бетперде бағасы қымбаттауы мүмкін
Медициналық бетперде бағасы қымбаттауы мүмкін

Медициналық бетперде бағасы қымбаттауы мүмкін

Елімізде медициналық бетперде бағасы қымбаттауы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі жеке қорғаныш құралына қойылған шекті бағаны алып тастамақшы. Үш мемлекеттік орган басшылары қол қойған бұйрық 2-мамырдан бастап өз күшіне енеді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық бетперделердің шекті бағасы нарықта жағдай тұрақталған соң алынып тасталатынын айтқан. Министрлер кабинеті де осыған сүйеніп отырғанға ұқсайды. Қазір дәріханаларда бетперде тапшылығы сезілмейді, бағасы да  тұрақты. Дегенмен былтыр төтенше жағдай кезінде қорғаныш құралының бағасын реттемеген үкімет сынның астында қалған еді. 10 теңге тұратын бетперде 200 теңгеге бір-ақ шарықтап, алыпсатарлар көбейіп кеткені елдің есінде. Тауарға шекті баға да осы дүрбелеңнен соң қабылданған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде